Ақын-жазушылар
Автор туралы
Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.
Өмірбаяны
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.[2] Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері
1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
1954-жыл. Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.
1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқыды.
1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.
1965-жыл. Өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.
1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.
1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.
1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.
Автордың туындылары
Бір ғана ғұмыр
Контузия
Қоңыр күз
Сарыжайлау
Қаратаудың басынан көш келеді
Шарайна
Құрбылар
Толған айдың түні
Кәрілерге ем болатын дәрілер
Тіленші
Сиқымбай
Момын
Бір түп тораңғы
Ит базары
Аққа түскен дақ
Дөңгеленген дүние-ай!
Бір қызық сапар
Қожайын
Аранға түскен аққулар
Көкжал
Құзғынның өлімі
Жалдамалы күйеу
Тұл махаббат
Құдайдың үйі
Адамның кейбір кездері
Ақынның ақырғы күндері
Ақбураның асуы
Дарабоз. І кітап
Бір қаланың тұрғындары
Екі айрық жол
Еменнің иір бұтағы
Біз бір ұядан ұшқанбыз
Бұқарбайдың бұқасы
Жемдеген қырғауылдар
Әкім мырзаға ашық хат
Сәйгүліктер
Қағытпа қалжыңдар
Тағдыр (І бөлім)
Тағдыр (ІІ бөлім)
Тағдыр (ІІІ бөлім)
Тағдыр (ІV бөлім)