22 Желтоқсан, Жексенбі

Ақын-жазушылар

Дүкенбай Досжан

Дүкенбай Досжан (1942 — 2013) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Автор туралы


Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Жалпы мәліметтер

ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).

1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,

1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,

1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.

Шығармашылығы

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.

«Отырар» (1965),

«Фараби» (1965),

«Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен рома]дарына тарихи оқиғалар арқау болса,

«Зауал» (1970),

«Кісі ақысы» (1978],

«Дария» (1975),

«Табалдырығыңа табын» (1980),

«Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.

Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен

«Мұхтар жолы» (1998),

«Абай айнасы» (1994),

«Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды.

Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның

«Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан.

Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990).

«Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996).

Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.

Марапаттары

ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996),

М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).

Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы.

«Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.

Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын,

1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.

Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,

«Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,

«Абай энциклопедиясына»,

Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.

Автордың туындылары


Сөз киесі

Мағжанды өлтіргендер

Саумал

Қымыз

Қорқыттың көрі

Көз

Арыстанды-Қарабастың желі

Жұт

Билік дәлізі

Женщина и четыре вождя

Адамға қанша жер қажет

Ажалмен беттесу

Жантәсілім

Ар соты

Шахеризаданың мың үшінші түні

Қырықбол мен ақбата

Жанқұмары

Есіктің Король Лирі

Өмір арбасы

Жібек жолы

Жаңғақ

Көкпар

Ергежейлі

Динозавр

Шортанбай

Метаморфоза

Страх

Раскрытая ладонь

Кешірім

Құмда қалған кемелер

Пайғамбар

Пайғамбардың өлімі

Фараби

Өрік

Артық адам

Терезенің жарығы

Жанып-сөну

Қыдырдың құбылысы

Жылы жауын

Қызыл кеніш оқиғасы

Нәресте

Төзім

Жағылған қолжазба

Жанқайғы

Шырақшы

Құм адамы

Жігіттің бір жұрты

Реквием

Қызылқұмның желі не деп жылайды?

Ине ұшындағы өмір

Әмір Темірмен ұстасып нең бар, ханзадам

Сексеуіл мінез

Шоқанның қабірі

Пілмен күресу

Құланшыда қалған із

Дон Кихот

Қайрауық күйші

Динозавры

Төрт патшаны көрген кейуана