Ақын-жазушылар
Қарауылбек Қазиев (1939 - 1984, Шымкент қаласы ауылында туған) - журналист, жазушы.
Автор туралы
Қарауылбек Қазиев (1 мамыр 1939, Жамбыл облысы Шу ауданы Қарабұлақ ауылы - 11 қараша 1984, Шымкент қаласы ауылында туған) - журналист, жазушы.
Биография
Орта мектепті ауылда бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факултетін бітіреді.Болашақ жазушы әуелі Жамбыл облыстық радио комитетінде жұмыс істейді.
КазҰУ-ды бітірген (1963). 1957 - 1958 жылдары ауылда жұмысшы, 1963 - 1965 жылдары Жамбыл облысы Радио к-тінде тілші, 1965 - 1967 жылдары Шымкент облысы Телерадио хабарларын тарату жөніндегі к-тінде аға редактор, 1967 жылдан бас редактор болып қызмет еткен. 1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан Облыстық радио камитетінің бас редакторы болып қызмет істеді.
Әңгімелері
Алғашқы әңгімелер жинағы "«Ақ бантик»" 1968 жылы жарық көрген. "«Иманжапырақ»" (1976), "«Үркер»" (1979), "«Кемпірқосақ»" (1984), "«Ақ шуақ»" (1988), «Іңкар дүние» т.б. Әңгімелер мен повестер жинағы, "«Оралу»" пьесасы (1972), ал орыс тілінде "«Подснежники»", "«Утреняя роса»" кітаптарының авторы. "Ақ шуақ" шығармаларының толық жинағы 1988 жылы Басылып шыққан. "Иманжапырақ" повесі Қазақстан баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік к-ті, "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің бірінші жүлдегері.
Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Жалынның» жабық конкурсында бірінші орынды иеленді. Оның бірқатар әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққан.
Автордың туындылары
Подснежники
Ақ бантик
Найзағайлы түн
Коллеги
Тарылған тыныс
Мы были абитуриентами
Менің шешем
Найзағайдай жарқылдап..
Моя мать
Отпен жазылған өмірбаян
Белый бантик
Подорожник
Шешуші шабуыл
Қашқын
Қадиша
Бәйшешекті жыл
Грозовая ночь
Иманжапырақ
Хадиша
Стожары
Олар екеу, мен жалғыз
Их двое...
Беглец