03 Желтоқсан, Сейсенбі

Ақын-жазушылар

Лев Толстой
Лев Николаевич Толстой (1828 — 1910, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист

Автор туралы


Лев Николаевич Толстой (1828 — 1910, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист.

1854—1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.

Лев Толстой жас кезінде құмар ойындарға әуес болған. Бір күні өзінің көршісі Гороховпен карта ойнап, иелігіндегі үйден ұтылып қалады. Бұл үйде Лев туып-өскен болатын.

Толстой өзінің болашақ әйелі София Андреевна Берстің анасымен достық қатынаста болады да, Берстің үш қызының қайсысына үйленетіндігін білмей, біраз уақыт таңдап жүрген.

Лев Николаевич Толстой ет жемейтін адам болды. Ол өмірінің соңғы жылында, яғни 1910 жылы "сексен жылдан кейін барлық адамдар вегетариан болады, олар ет жеуге адам жеген секілді жиіркенішпен қарайды" дегенді айтып, сөзінің ақиқатқа айналатынына үміттенген.

Лев Толстой Тургеневпен таныс болған. Алайда, олар достық қатынаста бола алмады. Арадағы кикілжіңнен кейін бірнеше жылдардан бері сөйлеспейді, тіпті, дуэльге дейін баруға шақ қалған.

Халыққа жақын болу үшін (басқа деректерде денсаулықты нығайту үшін делінеді) қартайған шағында Лев Толстой жалаң аяқ жүрген екен.

Автордың туындылары


Тәубеге келген күнәһар (Л.Толстой)

Помещиктің сәскесі

Арыстан мен күшік

Қасқыр күшігін қалай үйретеді

Аққулар

Қорқақ қояндар

Құмырсқалар туралы

Әзәзіл

Аршынала

Ілияс

Жұмыртқадай бидай

Тәубеге келу