04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Ақын-жазушылар

Кәкімжан Қазыбаев
Кәкімжан Қазыбаев - (1929 – 1989) – жазушы, мемлекет қайраткері.

Автор туралы


Кәкімжан Қазыбаев - (10 мамыр 1929, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылы – 21 қазан 1989, Алматы) – жазушы, мемлекет қайраткері.

Биография

ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген (1952).

1952 – 1958 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,

1958 – 1968 жылы Алматы облысы “Жетісу” газетінде редактордың орынбасары.

1968 – 1972, 1972 – 1974 жылы Қаз КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде төраға орынбасары,

1977 – 1982 жылы ҚазТАГ директоры,

1982 – 1985 жылы Қазақстан компартиясы ОК-тінде нұсқаушы, хатшы,

1985 жылдан “Қазақстан коммунисі” (қазіргі “Ақиқат”) журналының бас редакторы болды. Қазыбаев шығармаларының негізгі тақырыбы – ауыл тұрмысы, халықтар достығы мен соғыс жылдарындағы ел басына түскен қиындықтар.

Шығармалары

“Кернеген кек” (1966) повесі, “Ызғар” (1972, орыс тілінде – 1976), “Аманат” (1979, орыс тілінде – 1982) романдары, Таңдамалы шығармалары (2003) жарық көрген. С.М. Штеменконың “Бас штаб соғыс жылдарында” атты мемуарлық кітабын, Б.Момышұлының “Офицер күнделігін” қазақ тіліне аударған.

Автордың туындылары


Сұрапыл

Толғаулар

Сыр

Қышыма

Құпия құты

Ызғар

Биліктен шықсам екен