Ақын-жазушылар
Автор туралы
Джек Лондон, (Джон Гриффит) (12.1.1876, АҚШ, Сан-Франциско қаласы — 22.11.1916, Сан-Франциско маңы, Глен-Эллен мекені) — америкалық жазушы. Өгей әкесінің қолында тәрбиеленген. Жас кезінде зауыт, фабрика, электр станцияларында түрлі жұмыстар істеген. Әдеби шығармалар жазумен 17 жасынан шұғылдана бастаған. 1893 ж. “Сан-Франциско дауысы” газетінде тырнақалды туындысы “Жапон жағалауындағы Тайфун” атты очеркі басылды. Сонан кейін көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарыққа шыға бастады.
Шығармалары:
“Қасқырдың баласы” (1900)
“Оның әкесінің құдайы” (1901)
“Аяздың балалары” (1902)
“Қар қызы” (1903) романы
“Ақ азу” (1906, қазақ тілінде 1938 — 48) повесі
“Жолда жүрген жолаушылар үшін” (1899, қазақ тілінде 1961)
“Солтүстік жорығы” (1900, қазақ тілінде 1960)
“Тыртық адам” (1900, қазақ тілінде 1960)
“Өмірге құштарлық” (1900, қазақ тілінде 1951)*
“Мың дюжина” (1903, қазақ тілінде 1927 — 51)
“Темір өкше” (1912)
“Айлы алқап” (1913)
“Үлкен үйдің қожасы” (1916)
“Телегей теңіз, аттаныс” шығармасын 1926 ж. “Жаңа мектеп” журналына (4,5 сандары) алғашқылардың бірі болып аударып, жариялаған — Ж.Аймауытов.
Жазушы шығармаларындағы биік белесі — “Мартин Иден” (1909, қазақ тілінде 1968) роман-биографиясында автордың өзіндік тұлғасы, қоғам мен қоршаған ортаны тануы, шығармашылық өнер жөніндегі ойлары көрініс тапқан. Кейіннен Лондон шығармаларын Мұхтар Омарханұлы Әуезов, М. Дәулетбаев, Б. Омаров, т.б. қаламгерлер аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық жазушы Эрнест Сетон — Томпсонның “Винипег қасқыры” мен Лондонның “Ақ азу” атты шығармаларының әсері байқалады. Мұның өзі қазақ көркемсөз өнерінің әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын көрсетеді. Лондон шығармалары бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында көп аударылып, кең тараған.
Автордың туындылары
Мапуидің үйі
Аппақ тыныштық
Ақсақалдар лигасы
Өмірге құштарлық
Сэмюэл
Әйел қырық жанды
Тектік сарын
Тұтылу
Мың дожна
Бір кесек ет
Күндіктұрақ
Ойын
Меңіреу мұнар
Мартин Иден
Теңіз қорқауы
Киш туралы аңыз
Күмән