Ақын-жазушылар
Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы т., Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы.
Автор туралы
Нұржекеев Бексұлтан (22.2.1941 жылы т., Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы.
Өмірбаяны:
ҚазМУ-ды бітірген (1965).
1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты.
“Жалын” журналының бөлім меңгерушісі
“Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі
“Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986)
“Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған.
1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры.
Шығармашылығы:
“Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген.
“Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған.
“Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген.
Күй толғақ, А., 1972
Күтумен өткен ғұмыр, А., 1974
В ожидании, А., 1985
Бір өкініш, бір үміт, А., 1985
Шығ. жин. 2 т., А., 1993
Бейтаныс әйелдің құпиясы, А., 2002.
Марапаттары:
“Құрмет” ордені (2000)
бірнеше медальдармен марапатталған.
Автордың туындылары
Сулар салған сұлулық
Көнеден жеткен куәліктер
Жаңа заманның ерлік шежіресі
Ерлік еңбектің үлгісі
Інжу-маржан секілді
Талдықорғандық қыз-келіншектер
Бір ғана поэма жазған ақын
Жоңғар қақпасынан Жаркент алқабына дейін
Әй, дүние-ай!