Ақын-жазушылар
Әріп ғалым Бисембіұлы (1960 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шебір ауылы) – журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1986).
Өмірба
Автор туралы
Әріп ғалым Бисембіұлы (1960 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шебір ауылы) – журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1986).
Өмірбаяны
ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1982).
1982 – 1985 жылдары Алматыдағы «Жалын» баспасында редактор болды.
1985 – 1988 жылдары Маңғыстау облысы «Коммунистік жол» газетінде тілші, жауапты хатшы болды.
1988 – 1990 жылдары Ақтаудағы Абай атындағы Мәдениет сарайында нұсқаушы-методист болды.
1990 – 1994 жылдары «Маңғыстау» газетінде тілші, жауапты хатшының бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі болды.
1994 жылдан бастап «Маңғыстау» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары.
Шығармашылығы
«Жыл он екі ай»,
«Жақсы жұмыс»,
«Көңілді тоқсан»,
«Қарлығаш»,
«Абитуриент-77»,
«Мерейлі мекен», тағы басқа жинақтарға топтама өлеңдері енген. Өзінің дербес «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Асылдың сынығы», «Каспий трагедиясы», «Жұлдыз-ғұмыр», «Рух жанартауы», «Ақын арманы»(азабы), «Төрт толғау» атты поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптары жарық көрді. Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған «Жаңарған Ақкетік», Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Отты жылдар жаңғырығы» кітаптарының авторы. «Гармония» атты жыр жинағы ақын Р.Рябцовскаяның көркем аудармасымен (жолма-жол аударған Раушан Әріп) орыс тілінде басылып шықты. Жазба ақындардың 1990 жылғы Алматыда өткен республикалық тұңғыш Мүшәйрасына Маңғыстау облысынан бірден-бір қатысушы. Әріп журналистер мен ақындар арасындағы облыстық, республикалық бәйгілерде жеңімпаз, жүлдегері.
Марапаттары
Маңғыстау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы.
Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерекелік медалі.
ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасы.[2]
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі.
ҚР Мәдениет қайраткері.
Автордың туындылары
Бір уыс топырақ
Күтпеген қонақ
Қаламқас
Анамның әңгімесі
Ұстаз үміті
Теңізбен текетірес
Жел
Аға хаты
Жаңажылдық сюрприз
Бақытты билет
Күтпеген жекпе-жек
Ақша қар
Қайран елім, қазағым!
Менің Қазақстаным - менің тағдырым
Тәуелсіздік тұғырлары
Желтоқсан
Оян, ойлан, қазақ!
Жаңа дәуір бастауында
Асылды тот баспайды
Сана сауалмай, ұрпақ оңалмас
Қазақ анасы
Ұлттық намыс пен рух
Сыбаға
Таң жұлдызы туыпты!
Шын шабыттан туады өлең...
Поэзия пырағын тізгіндеген
Ақиық ақын Айтуар
Ақындық жаратылған періштеден...
Әке бойындағы асыл қасиеттер
Көңілден шыққан көрікті сөз
Өлі әруақпен жүздесу
Жанкештілік рахаты
Туған түбектің текті перзенті
Ұлт мақтанышына айналған ұл
Ақын жанды, асқақ ойлы азамат
Тас тарихты сөйлету – ұрпаққа парыз ұлы іс
Мен - жауынгер сақ тайпасының қызымын...
Рухы биік елдің қызы
Шәрбану тауып айтады...