22 Желтоқсан, Жексенбі

Ақын-жазушылар

Әдібай Табылды

Әдібай Табылдиев (1926 ж.т.,) – ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы (2005), профессор (2005)

Автор туралы


Әдібай Табылдиев (2 ақпан 1926 ж.т., Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы) – ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы (2005), профессор (2005), Қазақ КСР-і және КСРО Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007).

Білімі

1948 жылы Тараздағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген.

ҚазПИ-ді (1955, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1944 жылы Т.Рысқұлов ауданында мұғалім болудан бастаған.

1944 – 46 жылы әскер қатарында қызмет етті.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы мектепте мұғалім (1946–50), оқу ісінің меңгерушісі (1950–57), директор (1957–68)

«Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968–72), редакция меңгерушісі (1972–80) болды.

1980 жылдан қазіргі ҚазҰУ-да оқытушы (1980–90), доцент (1991), 2005 жылдан профессор қызметін атқарды.

Ғылыми еңбектері

2004 ж. «Қазақ этнопедагогикасының негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-әдістемелік еңбектері мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерін тәрбиелеу және оқыту, этнопедагогикалық мәселесіне арналған.

1965 жылдан бастап 120 энциклопедиялық ғылыми мақала, 10-нан астам ғылыми-әдістемелік оқу құралдары, бағдарламалар мен кітаптардың авторы:

«Халық тағылымы», 1992;

«Тағылым» (1995)

«Қазақ этнопедагогикасы оқытудың әдістемесі», 2000;

«Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен этнопедагогика және мәдениеттану мәселелері» (2000)

«Қазақ этнопедагогикасы», 2001, Ы.Алтынсарин атындағы республикалық сыйлық;

«Этнопедагогикалық оқылымдар», 2005; т.б.) .[1][2]

Шығармалары

Балаларға арнап 31 кітап шығарды.

1959 жылы шыққан «Бөбекке сөз» жинағы

2000 жылы жарық көрген «Қайырлы таң, балалар» атты жинағы

Сатира жанрында да қалам тартып «Қой бағу оңай ма?»

«Мен кіммін, білесің бе?» деген жинақтар шығарды.

«Алыптардың алыбы»

«Бәрекелді, Кірпі»

«Ғажайып бақ» ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды.

Марапаттары

2001, Ы.Алтынсарин атындағы республикалық сыйлық.

Автордың туындылары