22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Әдібай Табылды

Әдібай Табылдиев (1926 ж.т.,) – ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы (2005), профессор (2005)

Әдеп






Қатысушылар:
Білдірген
Күлдірген

Білдірген. Сәлематсыңдар ма, достар! Күлдірген, сен неге мынау көрермендермен амандаспайсың, ә?

Күлдірген. Амандасамын ба, жоқ па, оны өзім білемін!

Білдірген. Сен әдепсіз болма...

Күлдірген. Сен немене, сонша пысықсың ба? Мен қашан әдепсіздік жасадым? Әуелі өзің әдепті бол, білдің бе?!

Білдірген. Маржанды қағып,
Ержанды соғып кеттің.
Бұл жақсы ма?
Күлдірген-ау, есірме,
Анайы боп көсілме,
Айтқан сөзді тыңдамай,
Айтысасың, бұл қалай?

Күлдірген. Достар-ау, мынау не деп тұр өзі?

Білдірген. Күлдірген, сен ойнап сөйлеме, ойлап сөйле.

Секеңдейсің, ойнайсың,
Ойынға бір тоймайсың.
Әдеп сақта десек те,
Әдетіңді қоймайсың.

Күлдірген. Ойын зиян ба? Мен күнде ойнап денемді шынықтырамын, білдің бе?

Білдірген. Денеңді кешке дейін «шынықтыра» бересің бе? Шынығудың да жөні бар емес пе? Ойнау мен шынығудың арасында айырмашылық бар. Шынығу үшін әуелі гимнастика жасап, спорттық ойындармен шұғылдану керек.

Күлдірген. Мен шыныға білемін. Ал сен болсаң, шынығудың не екенін білмейсің, ерте тұрмай, ерініп жатып аласың.

Білдірген. Ия, саған... Сен бар ғой... Сын айтуды білмейді екенсің. Сын айту үшін әуелі шындықты білу жөн. Жақсыға жала жауып, қастекі болу – әдепсіздік әрі қылмыс.

Күлдірген. Сынның әділ, кісінің әдепті болуы керек дегенді өзім де білемін.

Білдірген. Міне, енді түсіністік. Сынасын дос досындай, Мін түзейік осылай! Күлдірген, әуелі «әдеп» деп, «әдептілік» деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз, соны біліп алайық.

Білдірген. Әдептілік деп – үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз.

Күлдірген. Айттым ғой, Білдірген, білдің бе? Сен мені сыйлап, құрметтеуің керек.

Білдірген. Сен ше? Сен де мені сыйлауың керек. (Көрермендерге). Солай емес пе, достар? Сыйласым екі жақтан бірдей болуы керек. Әдепті жан басқадан сыйластық күтпей-ақ, алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Күлдірген. Енді білдім. Әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздер әдептілікті білдіреді екен.

Білдірген. Мен бұл сөздерді баяғыда жаттап алғанмын. Сен де жаттап ал, Күлдірген.

Күлдірген. Сөзді құрғақ жаттау пайдалы емес. Оны түсініп жаттау керек. Сөзді іспен орындау керек.

Білдірген. Тағы да бір нәрсе айтайын ба? Кешірімді болу бар ғой, ол да – әдептілік. Бірақ кейде кешірмейтін де мінез-құлықтар болады.

Күлдірген. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Күлдірген. Жас-кәріге Сіз деген.

Білдірген. Жақсы үлгі іздеген,

Екеуі (қосылып). Дос боламыз біз деген Ізетті ұлмен, қызбенен!