23 Желтоқсан, Дүйсенбі

Әдебиет

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор.

Қатындар жас баласын күтеді...




Қатындар жас баласын күтедi,
Аямай қолдан келген шамасын.
Емiзбей, ұрып-соғып, түртедi,
Ержетiп eci кiрген баласын.

Бұ дүние бiлiмi бар адамды
Қайғылы бейнетпенен өткiзер.
Қайдағы ақылы жоқ наданды
Ойлаған тiлегiне жеткiзер.

Қарасаң, дүниенiң мiнезi
Ұқсайды қатындардың iсiне.
Анық-ақ ұрғашы екен бұл өзi,
Тынышсыз, ақылы бар кiсiге.

Рахымсыз, бiлiмi жоқ ұрғашы
Бiле ме бiлiмдiнiң қадырын.
Демеймiн дүние өтпей тұрсашы,
Мұнан да тыныш болар қабырым.