17 Мамыр, Жұма

Әдебиет

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор.

Шошыма, ойым, шошыма...




Шошыма, ойым, шошыма,
Келмейдi жындар қосыма.
Таhараты жоқ сайтан
Жоламас менiң қасыма.

Қажыма, ойым‚ қажыма,
Қарама тозған жасыма.
Адаспасаң ақ жолдан,
Қонады бақыт басыңа.

Билет бәрiн сабырға,
Кiрме ажалсыз қабірге
Сырласатын күн туар
Жан қияр жақын тамырға.