Әдебиет
Жаз келер
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп.
Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.
Сүйтсе де адам көзі бір тоймайды,
Құдайым берсе-дағы қанша несіп.