23 Желтоқсан, Дүйсенбі

Әдебиет

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор.

Ей, көп халық, көп халық...




Ей, көп халық, көп халық,
Көп те болсаң, шөп халық.
Партияшылды құтыртпа
«Мен – сендікпін» деп, халық.

Оң-терісін байқамай,
Ылайлап тұнық шайқамай,
Таза жолдан тайқамай,
Тура жолмен кет, халық.

Таласты көрсең –басып айт,
Кемдігін көрсең –қосып айт.
Кекеп, мұқап қыздырма,
Берекесін бұздырма.

Ызаның айт дегенін
Желіктіріп сыздырма.
Адалдың әділ жолына
Ақырын басып жет, халық.