Әдебиет
«Таң» журналына тағы бір әнмен байғазы
Кейіме, кәрі жан,
Өмірің тозғанға,
Оянып ұйқыдан,
Әнге сал қозғал да.
Жаңа тілек, жарық таң атты, міне,
Байғазы қада сен мынау жас журналға.
Аямай ақшасын
Оқысын азамат,
Еш бөгет қақпасын,
Жасасын саламат.
Ойлы, шешен, қаламды таланттылар,
Жан беріп көркейту – сіздерге аманат.
Жаны – сөз, тәні – ақша,
Бұларсыз ер жетпес,
Әсерсіз сөз жазса,
Көңілді тербетпес.
Осы екеуі пар келсе, көп жасайды,
Сөз жазып, пұл беріп – ел болса, көмектес.