22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 – 1920) – ақын, ағартушы.

Бір балуанға қарап




Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық - шаппай бәйге бер деп сұрау,
Озсаң, бәйге кім бермес жарысқанда.

Тұрмысы бүл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығынды кім біледі,
Үйінде ынжықтанып отырсаң сен!

Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бәйге ал деп айтар?
Жықпасаң да күресіп талаптансаң,
`Еті тірі, жаужүрек жан` деп айтар.

Жүрген көп; `жығылам` деп үйде бұғып,
Жел бол май, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, ондырмаған жасқаншақтық, —
Жасқанба, қылыш шапса, найза сұғып!