Ақын-жазушылар
Автор туралы
Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы - 2011 жыл)) – ҚР халық жазушысы.Қалың көпшілікке етене жақын Махаббат қызық, мол жылдар романы (1970) мен Ақиқат пен аңыз роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығармашылығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сүйіп оқитын махаббат гимніне айналды.Ә. Нұршайықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық - күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, Құрмет белгісі (1957), Халықтар достығы (1984), 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен және Ерен еңбегі үшін (1995) медалімен марапатталған.