04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Ақын-жазушылар

Қаржаубай Сартқожаұлы
1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баянөлғей өлкесінде дүниеге келген. Түркітанушы, ғалым.

Автор туралы


1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баянөлғей өлкесінде дүниеге келген.

1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген.

1985—1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған.

1973—1975 жж. Баянөлғей аймағында N910 мектепте ұстаз

1975 — 1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері

1989—1995 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры

1995 — 1998 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы

1995 — 1998 жж. Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры

2001 жылдан Еуразия ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Москва, Ұланбатыр, Пекин, Стамбул, Лон-дон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жариялайды.

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының Құрмет грамотасымен (2001), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған

Автордың туындылары