Ақын-жазушылар
Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова (1956 жыл, Қостанай облысы, Амангелді ауданы «Родник» кеңшары) - аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты.
Автор туралы
Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова (10 наурыз 1956 жыл, Қостанай облысы, Амангелді ауданы «Родник» кеңшары) - аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
1973 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы N21 орта мектепті бітірген.
1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректорлықтан бастаған.
1981 жылы «Қазақстан әйелдері" журналында әдеби қызметкер
1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.
Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етуде.
Шығармашылығы
Республикалық газет-журналдарда әңгіме, өлең, аудармалары жарияланып тұрады.
«Қыз өссе, ұл есейсе» (1998)
«Н.Қайыпова» (2003)
«Жапырақтары жанымның» (2006)
«Мағыналас мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігі» (2006) атты кітаптардың авторы.
Белгілі фольклорист ғалым, филология ғылымдарының докторы О.Нұрмағамбетовтың артында қалған еңбектерін жинақтап,
«Өмір өрнектері» (2003) атты кітап етіп шығарған.
«Шаңырақ» энциклопедиясының материалдарын аударуға атсалысқан.
Мұғамила Әуезованың «Әкем туралы» атты кітапшасын, М.Асаубаеваның өмірбаяндық хикаятын орыс тіліне аударған.
Сондай-ақ орыс тіліне Махамбет өлеңдерінің жолма-жол аудармасын жасаған.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған «Әлемдік саясаттану антологиясында» грек ойшылдары Демокриттің, Аристотельдің, Платонның, Сократтың, батыс ойшылдары Бенедикт Спинозаның, Джон Локктың, Паскаль Блездің жекелеген еңбектерін аударған (2005)
Автордың туындылары
Ғажайып танго
Отырған қыз
Тастанды
Түс
Ақша бұлттар әлемі
Періштенің көз жасы
Шекара асқан сағыныш
Перзентхана жыры
«Әйел бақыты» немесе айлы түн сүттей аппақ еді...
Алтын көрген періште
Бумеранг
Аңшының қызы