23 Қараша, Сенбі

Ақын-жазушылар

Асқар Алтай

Асқар Алтай - (1963 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) - қазақ жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Автор туралы


Асқар Алтай - (12.02.1963 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) - қазақ жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факульте-ін бітірген (1984).

Қызмет жолы:

Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, « Жұлдыз » журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған.

2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директоры.

Шығармашылығы:

«Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998),

«Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001),

«Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік» (2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалары,

«Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген.

«Қызыл бөлтірік» кітабы (повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі — грантын жеңіп алған.

Марапаттары:

Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының (1989, 1990),

Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Автордың туындылары


Казино

Дық

Прописка

Түсік

Қызбейіт

Мәйіт

Альпинист

Лайбаран

Киллер сауысқан

Сібір офицері

Шың

Тұл

Көзімнің қарасы

Кентавр

Стақан

Салбурын

Салқын ұрған жапырақтар

Кержақтың монологы

Аютамыр

Вирус-мутант

Оба жылғы сауық

Селебе