Оқушыларға
Менің болашақ мамандығым
Дана халқымыз«адам екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек бірі-мамандық таңдаудан,екіншісі жар таңдаудан»деген екен. Расымен де, өте орынды айтылған деп ойлаймын.Себебі , әрбір адамның таңдаған жары-оны ғұмырының соңына дейін бірге болатын өмірлік серігі болса,ал таңдаған мамандығы-оның өмір бойы атқаратын қызметі. Бір сөзден айтқанда,мамандық таңдау-әрбір адамның қабілеті мен мақсаты мұратына байланысты туындайтын үлкен жауапты істердің бірі. Олай болса,мен болашақта қандай маман иесі боламын? Майталман маман болу үшін не істеуім керек?
Міне, есейген сайын осы сауалдарды өз-өзіме жиі қоятын болдым.Көп ойлана келе,жүрегімнің қалауы-филология мамандығы екенімді түсіндім. Иә,болашақта туған тілі мен төл әдебиеттің мәртебесің асқақтататын филолог болуды армандаймын.Сонымен қатар,журналистика саласына да,қызығушылығым жоқ емес.Бұл таңдауымның өзіндік себептеріне келсем,біріншіден,бала күннен тыңдап өскен халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен қазақ ақын-жазушыларының шығармалары әдебиетке,тілге дейін құштарлығымды оятса,екіншіден көгілдір экранның әр жағындағы небір талантты журналист болсам деген арманыма қанат бітіре түседі.
Әрине,сонымен бірге, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы »деп тегін айтпаса керек.Бұл мамандыққа қызығушылығымның артуына себеп болған алғашқы ұстазымның болашағыма дұрыс бағдар беріп,таңдау жасауда, қосқан үлесі зор. Менің алғашқы ұстазым,мені білім нәрімен сусындатқан,алғаш әліппенің бетін ашып,әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып,адамгершілікке баулыған,менің ең алғашқы ұстазым-Ботагөз Байқамқызының орны ерекше. «Маған жақсы мұғалім бәріне де қымбат,өйткені мұғалім- мектептің жүрегі»дейді Ыбырай Алтынсарин. Иә расында да,ұстаз деген сөздің астарында мән мағына бәрі бар. Ботагөз Байқадамқызы-ол кісінің ғибрат әлемі,кескін келбеті,бәрі-бәрі мен үшін үлгі өнеге «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан » дегендей менің үлгілі болып,ақылды болып, тәрбиелі де, білімді болып келе жатқаным барлығы да өз арқанызда деп білемін.
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы....
Сіз мен үшін күлімдеген,күнім деген ,менің жүрегіме болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлғасыз.
Болашақта мен-елімнің елеулі,халқымның қалаулы азаматшасы болғанда сол жетістікке жеткізген өзіңіз деп зор мақтанышпен сеніммен айта аламын!
Филолог болу үшін де,журналист болу үшін де алдымен алғырлық,жанашылдық,өз ісіне адалдық,сөзге шеберлік тәрізді қасиеттер керек. Олар өз шығармашылығы арқылы адамға да,қоғамғада қызмет ете білуі тиіс.Өзіңнің шын талантынмен халықты баурап алатын қасиетін шындалғанда ғана майталман маман бола аласың деп ойлаймын. Сол себепті де, таңдаған мамандығымның оңайлықпен келмейтінің түсінемін. Әйткенмен, шын ниетпен ұмтылып,ерінбей еңбек етсем,алыңбайтын асу жоқ. Ендеше мен де болашағым үшін,армандаған маман иесі болу үшін алға бастадым.