21 Қараша, Бейсенбі

Оқушыларға

КЕЛЕСТІК  ОҚУШЫ ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ


КЕЛЕСТІК  ОҚУШЫ ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №4 Жүсіп Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Тұрсынбаева Тоғжан Ерболқызы “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің бас жүлдесіне ие болып әлемге танымал Дубай қаласына демалуға жолдама жеңіп алды. 

Осылайша Түркістан облысы бойынша жалғыз жеңімпаз аудан абыройын асқақтатты. Жас шәкірт болашақта дипломат болғысы келетіндігін айтады.

— Ұлттық бірыңғай тестілеуде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Болашақта дипломат болғым келеді. Дубайға “Зерделі” оқу орталығының адамдарымен барамын. Бұл жоба негізінен балалардың оқуға деген қызығушылығы,зейінін арттыру үшін дайындалған, - дейді Тоғжан Ерболқызы. 

Бүгінде Тоғжанның анасы өзі оқитын білім ордасында математика пәнінен сабақ берсе, әкесі Түркістан облыстық жастар құрамасының бапкері.  Айта кетейік, қазіргі таңда №4 Ж. Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінде 600-дентаса оқушы білім алады.