21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Қыз өссе - елдің көркі






Қазағымызда ежелден келе жатқан нақыл сөз бар Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі деген. Түбі терең сөздердің мағынасы мол. Егер әрбір сөзде жеке жеке талдасақ сөздік қор жетпей қалады. Мақалдың мәні кыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, ақылдылығын, инабатты да ибалылығын, құндылығын дәріптейді.

Қазақ қашанда қыздың ар ұятын жоғары қойған. Ешқашан қызды есік көзіне отырғызбай төріне шығарып сыйлаған халық. Қызды халықтың, ел жұрттың бет-бейнесіне теңеген. Қызға тырық үйден тыйым, Қыздың жолы- жіңішке Қыз қонақ, деген нақыл сөздер де қызды тәрбиелік ке шақырады.

Үш қызды дүниеге әкелген, өсіріп жеткізген ата-ана жұмақтың төріне барады дейді. Себебі қыз баланы тәрбиелеп, қанаттылар қақтырмай, тұмсықты шоқтырмай өсіру оңайдың шаруасы емес. Сонау заманнан ата-бабамыз қыз баланы сәнді әшекейлер мен бұйымдарды тағып жүруінің де өз мәні бар болған екен. Түрлі әшекей бұйымдар бойжеткеннің көркіне, сұлулығы мен нәзіктігіне өте бір жарасымды келбет берген. Онымен қоса, көз тимейді деп те ырымдаған. Сылдырлаған сырғаның сылдырын естіртпей, ақырын басып жүруге, яғни қызды сабырлы, өте төзімді де сыпайы болып өсуіне баулыған. Қазақ қызын болашақ ана, болашақтың ұрпақ жалғастырушы ретінде қыздар мен бойжеткендерді, апа – әжелерге үлкен сый құрметпен қараған.

Қазақта қыз баласы ұяң да инабатты, сыпайы болған.

Ер адамға тік қарамаған.

Жүріс-тұрысы салмақты болып, сызылып, сыпайы қозғалған.

Орынсыз жыртыңдап, күлмеген.

Ешкімнің сөзін бөлмеген.

Етегі ұзын, кең көйлек киген.

Басында тақия не бөркі болған.

Жөнсіз, әдепсіз сөйлемеген.

Кісінің алдын кесіп өтпеген.

Дауыс көтермей, бәсең дауыспен сөйлеген.

Кешкілік жалғыз жүрмеген.

Басқаларға қол тигізбеген және кісіні болсын, жануарды болсын теппеген.

Суық жүріс, сумаң қылыққа бармаған.

Өтірік, өсек айтпаған.

Адамға қарап есінеп не керілмеген.

Талтайып отырмаған.

Тамақты асап жемеген.

Бұраңдап, қылымсымаған.

Біреудің алдында киім ауыстырмаған.

Салт-дәстүрден аттамаған.

Ешкімді ғайбаттамаған.

Ішімдік ішпеген, шылым шекпеген.

Тәкаппарлыққа жол бермеген.

Үлкен-кішіні сыйлаған.

Шектен тыс боянып, жасанбаған.

Мұның бәрі ескіліктің емес, тектілікті білдіреді.



Елриза Бауыржанқызы