21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Уақыт ұғымымен өрбіген балалық арман






Адам баласы уақыт қадірін түсіне бермейді. Қаншама уақыт көзді ашып жұмғанша желдей ұшып, өзендей аға өткенде Қайран қасқа уақытым... Осыған өліп-өшіп уақытым кеткен бе?- дегендей психологиялық ақауларға ұшырап ауыр ойдың жетегінде кетеміз. Содан кейін Уақыт кернеуіне бөгет жоқ сықылды мәтелдеріміз туындап жатады. Сіздер білгенсіздер ме,адам өз уақытын басқара алады. Қалай? Оны білу үшін алдымен уақытым жоқ атты керуенді тоқтатыңыз.

Әлішер көптің ортасында жүрген, алқалаған азамат, елінің елеулісі, халық қалаулысы, отбасының тірегі, елім деп туған өр ұрпақтың біреуі деп мақтасам артық айтпағандық болар. Халық арасында жүргендіктен оны бәрі Әшөнтай деп атап кеткен. Халық дегеніміз кім? Әшөнтай үшін халық - отбасы, ал отбасы- халық. Екеуі егіз қос ұғым. Жасы небәрі киелі сан төңірегіне келсе де, өзін депутат санайды. Әшөнтайдың депутат боламын деген арманына, балалық болмысын қалыптастыруына не түрткі? Әлішер үнемі аула алдында Айдынмен ойнайтын еді. Ол өте жақсы бала бұзықтығы жоқ тентек, соған қарамастан білетіні бір басынан асып кетеді өзінің. Әлішер көрші үйдің жалғыз баласының осы қабілетіне тәнті әйтеуір. Қасында жүретіні де сол себептен.

Айдынның әкесі дардай депутат. О міне, Әшөнтайдың арманының іргетасы көршінің қызметіне еліктеуден бастау алған болатын.

Айдын мақтанарлық тұлға да осы әкесі. Әкесінің еңбегі туралы Әшөнтайға көп айтатын.Көп оқитынын, азаннан қара кешке шейін жұмыста болатынын, бір уақ Айдынға көп ақпараттар мәліметтер беретінін жар салады. Соның арқасында Әшөнтайдың жанында Айдынның білімі ұшы-қиыры жоқ теңіздей. Бір сәтте аяқ астынан Айдын Әлішерге: Әшөнтай осы уақыт деген не? Неге әкем уақытым жоқ дей береді екен?- деп, сұрай бастады. Әлішерді өзінен Айдын сұрақ сұрағаны қуантып көкке төбесі екі елі жетпей қалды. Орнынан тұра сала депутатша сайрай жөнелді: Уақыт деген...уақыт деген үлкен велосипед, егерде бар ғой сол алып велосипедті тебе алсақ бізге ата-анамыз уақытты шынға береді. Айдын керемет емес пе, иә. Бір біріне қарап шат шадыман күйде. Айдынның түсінгеніне риза, әйтеуір, Әлішер. Осылайша, екеуі уақыт алу нобайымен уақытын кетіре қайтты. Үйінің есігін аша сала Әлішер анасына жүгірді. Депутат сезіммен:

- Анашым, осы уақыт деген не?

- Өй, Әшөнтай не болды құлыным, ойыншық ол.

- Сұрақты қайталаймын. Уақыт деген не?

- Қоймайды екенсің (күле қарап) саған түсіндірейін. Уақыт- деген үлкен кеңістік. Алайда ол кеңістікте, шалқып- тасып жүре алмайсың. Сенен тез жылжуды, бос отырмауды талап етеді. Уақытты түсініп қаракет еткен сайын жаратқанның да берешегі мол, балам. Өкініштісі сол, көбіміз уақыт қадірін кеш түсінеміз. Құмға сіңген су секілді адам өмірінің айнасын өзімен еншілей кетеді.

- анашым, уақытты тоқтатуға болама.

- Ол әсте мүмкін емес.

- Ал оны басқаруға болады ма?

- Сен депутат боласың ғой. Ашық сөйлесейін.

Уақытты басқара аламыз. Ол біздің өз өмірімізге қалай жанымыз ашитынына байланысты, болашағымыздың күре тамыры терең жайлау үшін уақытты басқаруымыз керек. Уақытты басқару үшін бала жаста ата- ананың көмегі ауадай қажет. Баланың уақытының құр дүниеге зая кетпеуі ата- ананы толғандырғаны маңызды. Мысалы, баланы смартфоннан алшақ ұстау, интернет ойындарына машықтандырмау. Әрине, бала болған соң ойын ойнауы өзіне пайдалы. Бірақ ол қандай ойын. Дана халқымыз Асық ойнаған озар, Доп ойнаған тозар- деп бекер айтпаған- ау шамасы баланың бойына қазақы құндылықтарды сіңірсеңіз оған қоса жастайынан түрлі үйірмеге, күшін білімге жұмсайтын болсаңыз уақытты ұтқандығыңыз болар еді. Балам оны сен жайлап тындырасың. Осылай баланың ойы жақсы қалыптасса, жан- жақтылықты алып жүрсе уақытты өз құнжырында пайдаланды деген сөз.

Ары қарай өз күндік жоспар құрып үйрену керексің, балам. Ойын- қызық адам руханиятын аздырушы әлем. Оған алтын уақытың ада болады. Күндік жоспар құрып, пайдалы әрекетке талпын. Сонда уақыт сенімен санасатын болады. Біз әлеуметтік желіде отырып, қаншама уақытымыздан ұтыламыз. Тіпті, білмей қаламыз. Сол себептен, уақытты басқаруға қазірден машықтан, балам. Сонда арман тілектеріңнің ізгі жолы сәттілікпен ашылады. Ғылым-ілім ізден, оқудағы көз майыңды тауыс, еңбектен.

Әлішер өзінің жүрегінде жаңа сәуле пайда болғанын анық сезді. Анасының сөздері жүрек қақпасын басып кірді. Осыдан кейін аянбай еңбектеніп, ана сөзін екі етпей шынымен де үлкен қызмет бұйырды. Ел елеулісі, халық қалаулысы бола білді. Депутаттық арман ауылы да алыс емес еді. Басты қаруы ана ақылы, уақыт ұтымы, білім тұғыры, еңбек жемісі болды. Дәл қазір, Қызым саған айтамын, келінім сен тыңданы барынша нұсқап тұрмын. Ары жағы өз қолыңызда...

Еңлік Жұмаш