04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Оқушыларға

Жұмбақтар






Қостанай қаласы, Қостанай ауданы
Мичурин орта мектебі
7 «Ә»сынып оқушысы: Беркимбаева Зарина Абзалқызы

Жұмбақтар

1. Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

2. Екі буынды екі сөздің бірінен бірінің айырмашылығы- бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады. Егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер? (Үкі, екі)

3. Екі буынды бір сөздің
Алғашқы буыны не зат есім, не етістік,
Соңғысы – тағы есімдік.
Екі буынды қосып айтса бар ғой-
Адамға қажет бір мүлік. (ине)

4. Бір өзінде 13 әріп, 5 буын,
Басы, аяғы ашық,
Орталары бітеу буын.
Ол әншіні естіп пе едің бұрын? (Жарылғапберді)

5. Үш сөзден біріккен сөздің бірінші түбірі - сын есім, соңғы екеуі – географиялық атауды білдіретін зат есімдер. Бірігіп айтылғанда жер (қоныс ) атауы. Ол не деген сөз? (Сартауқұм)

6. Сұлтанмахмұттың бір шығармасының аты 3 сөзден құралған, бірінші сөзі көсемшенің болымсыз түрі, екінші сөзі тәуелдеулі шығыс септігіндегі зат есім, үшінші сөзі 1 жақтағы өткен шақтық есімше. Ол қай шығарма? («Ауырмай есімнен жаңылғаным»)

7. Біржанның бір әнінің аты екі сөзден тұрады. Бірінші сөзі атау тұлғадағы зат есім, екінші сөзі келер шақтық есімше. Ол оның қай әні? («Жамбас сипар»)

8. Аттары есімдіктен басталған қандай романдар бар? Онда қай есімдік қолданылған? Авторлары кімдер?

(«Менің Қазақстаным», «Сенің бақытыңды қорғағандар» авторы: М.Әлімбаев), («Біздің Ғани» авторы: Ө. Тұрманжанов.)

9. С.Сейфуллиннің есімдіктен басталатын өлеңдерінің аттарында қай есімдіктің қай түрі көбірек қолданылған? Ол ақынның қай өлеңдері?

(Есімдіктер: жіктеу, сұрау. Өлеңдер:«Біз», «Біздің Ұлан», «Кім басшы –аға халыққа»

10. Сөз құрамына талдағанда – туынды түбір, сөз табына талдағанда – тұйық етістік. Жалпы алғанда- грамматикалық термин. Ол қай сөз екенін айта аласың ба? (Жалғау, жұрнақ)

11. Еңбек жөнінде айтылған Абайдың бір өлең жолдары 6 сөзден құралған. Ол не деген өлең жолдары? Оның нешеуі етістік?

(Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей)

12. Қанша қашан болғысы келеді. Қайткенде ол қашан болады? (Н-ның орны ауысса)

13. Қорқақ пен үркек қорқып, үркіп жүргенде, неменені түсіріп алыпты? (Ы мен і (қорық, үрік)

14. Бір жалғаулық екі сөзден біріккен, біріншісі – есімше түріндегі көмекші етістік, екінші сөзі – жіктеу есімдігі. Ол қандай жалғаулық? (Дегенмен)

15. Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин. Бірге жазылса, республикамыздағы бір қала. (Ақтөбе)

16. Жеті дыбыстан құралған үш буынды сын есім сөзінің бірінші, төртінші, алтыншы дыбыстары – езулік «е» дыбысы. Ол қай сөз? (Елгезек)

17. Бала үш сан ойлайды. Оның соңғы екеуі бірінен-бірі 10 есе көп болғанмен, жазғандағы буын саны тең. Алғашқы сан олардан аз болғанмен, олардың әрқайсысынан буын саны 3 есе көп. Олар қандай сандар? (жиырма, жүз мың)



Жұмбақ жұрнақ. Бұл қай - жұрнақ?

1. Жуан, жіңішке сөздерге бірдей жалғана береді, өзі жалғанған сөз мекендік мағына береді. Ол қандай жұрнақ? (-хана)

2. Зат есімнен зат есім тудырады, ол зат есім заттық ұғымды білдіретін белгілердің атын ұғындырады. Ол қандай жұрнақ? (-лық, -лік)

3. Зат есім тудыратын екі жұрнақтың екеуі де жеке тұрып зат есім мағынасын білдіреді, бірақ өздері зат есім тудыруға жалғанбайды. Ол қандай жұрнақтар? (-ым, -ыс)

4. Сын есімге де, етістікке де жалғанады. Ол арқылы сын есім етістікке айналады. Ол қандай жұрнақ? (-р, -й)

5. Кейбірі жаңа сөз жасайды, кейбірі сөзге қосымша мағына үстейді. Кейбірі сөз талғамай келе береді. Кейбірі біраз сөзде ғана келеді. Бұл не? (Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, өнімді, өнімсіз жұрнақтар)