22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Ыбырай Алтынсарин






Қазақ халқының терең құндылығы мен білімін қазып алуға септігін тигізген, ағартушы, тұңғыш қазақ мектептебінің кірпішінің қалануына ерен еңбегін тигізген аса көрнекті қоғам қайраткері, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің бүгінде 180- жылдық мерейтойы тойлануда. Ыбырай 1841 жылы 2-қарашада қасиетті Қостанай өлкесінің, Аманқарағай ауданында дүние есігін ашқан. Шын есімі Ибраһим. Әке махаббатынан ерте айырылған ол атасы Балқожабидің тәлім-тәрбиесімен сусындап өскен. Жастайынан баланың білім алуға деген құштарлығы күннен күнге артып, бос уақытында екі қара шығы ақ кітап бетінен алмайтын. Орынбордағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, кейін өз қалауымен Торғайда мұғалімдік қызметін атқарады. Тек білім жолын қуып қана қоймай, Ыбырай өз халқына пайдасын тигізгісі келген. Кей дерек көздерінде Ыбырайды баларды өз үйіне жинап, оқытқан деседі. Әйтседе жазушының бала тәрбиесі мен біліміне көп назар аударғаны рас. Бұны ағартушы қаламынан шыққан Әке мен бала , Бақша ағаштары , Өнер білім бар жұртта т.б балаларға арналған шығармалары дәлелдейді. Қазіргі таңда әрбір мұғалімнің аузынан шығатын Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген Ыбырай сөзі, бала тәрбиесі аса бір күрделі функция екендігін білдіреді. Бақша ағаштарындағы шығармасындағы күтіммен, бағу-қағумен өскен тік ағаш пен еш қараусыз өскен қисық ағашты салыстыра, ата- ана мен бала арасындағы тығыз қарымқатынасты теңеген. Қарағайға қарап тал өсер, атаға қарап бала өсер демекші, бұл керемет метафораны ата да, бала да ұғынып, мән беру керек. Ыбырайдың балаларға арналған шығармалары шын мәнісінде ересектергеде пайдасын тигізері сөзсіз. Көк тамшымен боялған парақ бетіндегі сия жазушының ұлылығын айқындайды. Кел балалар оқылықтың атасы, әрбір ошақ кітапхананың төрінде тұруы тиіс.

Куатова Аселя Куанышбековна