Оқушыларға
“Серке” газетінің жабылуына басты себеп қандай?
Патша үкіметінің рұқсатымен 1907 жылы Петербургте жарық көрген “Серке” газеті екі бөлімінен кейін-ақ тоқтап қалды. Деректерге қарасақ, жабылуына газет беттеріне жариялаған белгілі ақын-журналист Міржақып Дулатовтың “Жастарға” деген өлеңі мен Біздің мақсатымыз атты мақаласы себеп болды деген деректер бар. Шынымен де басты себептердің бірі осында сияқты.
“Жастарға” өлеңі қазақ халқына бейне бір біз батырдің ұрпағымыз, таң атты ояныңдар, күресіңдер деп тұрған секілді. Ал Біздің мақсатымыз деген мақаланың мазмұны тым ерекше, қазақ баспасөзі үшін орны бөлек. Мақаланың басында “Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық. . . Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады” деген сөздерінен оқып отырған оқырманға батылдық пен намыстың рухы сезілетіні анық. Және біз мақаладан Міржақып Дулатовтың патша өкіметінің озбырлығына, қазақ елін зат секілді көріп елемеуіне деген өкпе, ренішін де байқамыз. Мақаланың астарында патша өкіметіне деген саяси мән бар. Нақтырақ айтсам, Ресей отарлау саясатының тым шеттен шықандығы мен, қазақ халқының қалай жоқтың күйін кешіп, қиын күндерді бастан өткеріп жүргендігін ашық түрде патша өкіметіне жолдай отырып жазған. Сол жылдардағы чиновниктер, стражниктер мен урядниктердің қазақ жерін әкесінің төріндей көріп емін- еркін өмір сүріп жатқанын, ал біздің қазақтың не жерге тамағы жоқ, не жатар жері жоқ өз жерінде өздері күн көре алмай жүргендігін қынжыла білдіреді. Мақаланың ең өзекті тұсы отарлау саясатының салдарынан туған Ресей бодандығының аяусыз көрінісін сипаттауында. Чиновниктердің қазақ даласына мұжықтарды жер аударып, қара халықтың жерін талан таражға салып, еш себепсіз тартып алып жатқандарын, ауылдарды тонап ұрып соғып, мұжықтардың қанаумен өткен күндерін, ең сорақысы діни кітаптарға тиым салғандығын жазаған тұсы. Мақала арасында Дума депутаттарына жасаған әділетсіздікті де тілге тиек ете кетеді. Өз мақаласын ағамыз туған жерім деп жанын салып еңбек еткен еліміздің мықтыларының дереу жазаланып өлім жазасына кесіліп жатқандығымен Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен, тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып, атылып кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр, немесе түрмелерде отыр. . . деген сөздерімен аяқтайды. Сөйлем соңына көп нүкте қоюына қарап Міржақып Дулатовтың әлі де Ресей отарлауына қарсы айтылатын сөздердің бітпегендігі көрініп тұр. Ал бұндай мақала жазу нағыз ерлік. Енді ешқашан қазақ жерінде бұндай батылдық пен намысқа толы мақала жазылмайды. Себебі, Міржақып Дулатов секілді жан қайта туылмайды .
Және мақала бүгінгі күнгі мақалалардан ерекше. Соңғы жылдары шындықты шырылдатып тұрып жазатын, жүрегінде оты жанған журналисттеріміз шығып келе жатыр. Бұның барлығы Абайдың қара сөздерінің, Ахметтің елі үшін төккен тері мен қанының және Міржақып Дулатовтың Біздің мақсатымыз деген мақаласының арқасында деп ойлаймын.