24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Шыңғыс Айтматов əңгімелері






Шыңғыс Айтматовтың бұл кітабында табиғатпен біте қайнасқан адамдардың неше түрлі шырғалаң жолдары мен қызықты сəттері баяндалған.
Байдамтал бойында əңгімесінде өзен жанындағы адамдардың тыныс-тіршілігін,алау суды бағындырмақшы болған тірі жан иелерінің жанталасқа түскенін суреттейді.
Қызыл алма əңгімесінде ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынас пен жас кезіндегі естеліктерді есіне түсіріп,бейнелейді.
Сыпайшы əңгімесінде атадан-балаға мұра болып келе жатқан кəсіпте,әкесінің алдын орап,ең мықты сыпайшы бола білген баланың шытырман оқиғасы айтылған.
Мұрап əңгімесінде іштарлықтан зардап шеккен адамның өмірі арқау болған.
Бөтакөз повестьінде арман жолында егеске түскен жас жігіт жайлы баяндалған.

Осындай көркем туындылар кітапқа нəр беріп тұр.

Тұрғанбек Бибіфатима