22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Қазаннан қақпақ кетсе, Иттен ұят кетеді






«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дейді. Біздің жас мемлекетіміздің қақпағы ашылған көрінеді. Сондықтан ұяты кеткендер талан-­таражға салып жатқаны ашылып жатыр. Осындай күдік көбіміздің көңілімізде жүрген. Бұрыннан. Қайда кетіп жатыр, Қазақстанның байлығы деген. Ал, бірақ, нақ басып, тап басып ешқайсысымыз айта алған жоқпыз. Мұнайдан түсетін, көмірден түсетін, алтыннан, күмістен түсетін, мыстан түсетін кіріс деген жоқ мынаның ішінде. Мына біз осы шет мемлекеттерден несие дегенді алып жатырмыз, алып жатырмыз. Америкадан Жапонияға дейін. Соның барлығы бас­-аяғы қанша?! Қай жерге жұмсалды? Қай мақсатқа кетті? Осының көзін ашу керек. Мына басшылықтан, білмеймін, қолынан әзір ол әрекет келетін емес. Мына сіз бен біз – халық сенген депутаттар осының көзін ашып, нақтылап, халыққа өзінің дәулетін өзінің қолына берейік» деген Шерхан Мұртазаның сөздерінен сол кездің жағдайына қатты көңіл бөлгені, халықтың қамын жеген нағыз заманының депутаты екенің аңғаруға болады.

Неге бұл Шерхан Мұртазаның сөзін қайта ортаға салып отырмын?

Қазірде елімізде осындай жағдайлар жоқ емес. Халық күнкөрісіне ақша жеткізе алмағанда, биліктегілердің сайрандап жүруі жарамас ты. Биліктің халық жағдайына бей-жай қараған заманы осы болды. Түрлі келенсіз заңдар шығып, неше түрлі проблемар туындап жатыр. Байырғы бабаларымыз аманат қылған ел мен жерге қазірге таңда қиянат жасалғандай. Әркім өз дегенімен, өз білгенімен жүрген сынайлы. Бүгінде билік айтса халық наразылық тудырып, келіспеушіліктер орын алуда. Бұл жағдайда кімді жақтарынды білмегеніннің өзі қорқыныш ұялатады. Осының барлығы ең бірінші халыққа ауыр тиетін жағдай. Сол заманда Шерхан Мұртаза айтып кеткендей «Халықтың байлығын өз қолына берейік» деген бір ауыз сөзін жерге таптаған билік өкілдері аманатқа қиянат жасады десек те қателеспейміз. Заман ағымына сай өзгеріп отырған әлемде, неге қазақ халқынын жағдайы өзгермеді?!