24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Талап жоқ, үміт мол халықпыз






Мақалада біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы деп осы біздің жағанымыз ертеңгі ұрпаққа мирас болып қалары анық. Сондықтан, осы қалыпта қала берсек келешек ұрпаққа не қалдыпмақпыз, оны болжамай ақ аңғарсақ болады. Бұл заманның хандары да, халқы да өнер-білімді керек етпеді. Бірімен-бірі жауласып, өзге ұлттар ілгері басқанда, қазақ кері басты. Мықты мемлекеттің ханы болу үшін де үлкен күш-жігер керек екен. Ол күш қазақта болмай, хандарымыз Россияға қосылған. Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны - жер қазыналық болғандықтан. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Телміріп алған теңгеден, тер сіңдіріп алған тиын жұғымды. «қараған қарап қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ.

Ахмет Байтұрсыновтың мақаласында қазақ халқының әркімге, әрнәрсеге, жоғына өкпелей бергеннен пайдасы жоқ,яки әрекет ету керек, сонда берекет те болады деген ойды жазған. Жұртының қамын ойлап ол осы мақаласын жазып, сол кезеннің ең ауыр мәселелерін жаза білді. Алайда, мақала қазақ халқына қарсы жазылған деген ойдың пайда болуы ауыр тиерлік нәрсе. Мақала бірнеше мәселелерді қозғаған. Басында «...Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан...» деп қазақтың өз жолын өздері байлап, кертартпалығын көрсетеді. «...Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес...» деп жалқаулық, надандықтарын аша түседі. Естекті жерден жұрдай ғып түбіне жеткен надандық пен жалқаулық, бірақ қазақтарда да олардан қалыс еместігін көрсетеді. «...Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақстан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты әр жерде ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай ақ келеміз...» деп жердің үлесінен, жолдан қағылғанымыз надандықтың кесапатынан деп білді. Бірақ осыны білім-ғылымнан артық көретіміз көңілге қатты тиеді.

Ахмет Байтұрсынов жазып аңсап кеткен қазақ өмірі қазір жоқ ты. Біз сол кездегідей ілгері емес, кейін жүріп келеміз. Біздің мәдениет батыстан қалыптасып келе жатыр, білімге құштар азаматтар азаюда. Салт-дәстүріміз бұрмаланып, өздігінше өзгеріп кетті. Жер мәселесі дерлік әлі де өзекті мәселе болып табылады. Біз неге зиялыламыз айтқан ақыл-кеңестерін оқып, білсекте әрекеттен қашамыз. Әрекет етпей надандықтан арылмаймыз. Еңбек етпей дегенімізге жете алмаймыз. Осыны ұғынғанда ғана ілгері басамыз.

«...Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді,елсізді елдіге теңгеретін жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ...» деген қорынты сөзге келіспесек болмайды. Шыныменде, өзімізге өкпелемегенде кімге өкпелейміз? Біз өзіміз еңбектенбей бұл надандықтан арылмаймыз. Сөз соның Абайдың «Баянды еңбек - егін салушылық, білім алушылық» деген ойын тиек етсем. Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған адам- Ахметтей зиялыларымыз аңсап кеткен ел болашағының ұлы азаматы.