22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Қазақ өкпесі мақаласының айшықты мәні






«Айқап» журналының 2-нөмірінде Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ өкпесі» мақаласы жарияланған болатын. Бұл мақаланың мән-мағынасын айта кетсек...

Мақала барысында қазақ елінің саяси-әлеуметтік мәселелері, шаруашылық жағдайы, жер мәселесіне, оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениетке арналған ойлары жазылған. Бұл мақала арқылы, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап,бақылап, шолу жасап, кейбір күттірмейтін жайттарды дер кезінде жазып, елді қауіп-қатерден сақтандырып отырды. Сондай-ақ олар Ресейдің отаршылдық саясатын әшкерелеп, қазақ даласының сыртқы-ішкі жағдайын үнемі назарда ұстады, халықаралық байланыстармен елді таныстырып, қабылдап отырды. Ахмет Байтұрсынов: «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зарлысы-жер мәселесі, бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі» деп баса айтқан.

Мақалада қазақ халқының әрнәрсеге өкпелеп, пайда болған тосқауылға төтеп бере алмайтындығына күйінеді. Уайымға салынып, жұртының қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынов бұл мақала арқылы қазақ халқының сол кезеңіндегі көкейтесті мәселелерін ашып берді. Өкінішке қарай, «мақала қазақ халқына қарсы жазылған» деп айта кеткен.

«Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсіздің елдігін теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?!»- деп күйіне жазған Ахмет Байтұрсынұлы әрдайым халқын оқу-білімге, мәдениет пен өнерге шақырып, сол кездегі мәселелердің барлығының тек халық мүддесі тұрғысында шешілуі жолында еңбек етікен, ұлт жанашыры бола білген ұлы тұлға!

Ахмет Байтұрсынұлы, «Қазақ өкпесі» мақаласымен білім беру саласына үлкен үлес қосқан. Жаңа айта кеткенімдей,жер мәселесіне қатты назар бөлген,оны мына «Қазақтың әлі күнге дейін жерден қол үзбей отырғаны - жер қазынасы. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер еді.»