22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Берік отбасы - есірткіден алыс!






ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына
Әкімбаевтаротбасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы

Берік отбасы-есірткіден алыс!
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде

Біз Әкімбаевтар отбасысы есірткіге қарсымыз! Біздің отбасы мүшелері бос уақытымызды бірге өткізіп, әрқашан қолдау көрсетеміз.
Біздің отбасы да, өзгелері де міндетті. Неге міндетті? Ата-ана балаларын рухани байытып, білімге сусындатып, есірткіден аулақ жүретіндей әрі жақсы болып өсуіне лайықты үлгі-өнеге беруі міндетті. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған ғой, атам қазақ. Ал балалары ата-анасы берген тәрбиеге, иманға, жалпы айтқанда, әке мен ананың беретін бар жақсылығын өтей алатын дәрежеде өсуі керек. Біздің үйдің ақылшысы, отағасы, асқар тау әкеміздің айтуы бойынша: «Егер менің балаларым алкогольді сусынішпесе, шекпесе, ол менің еңбегімнің ақталғаны». Сол үшін біз балалары болып оны ақтаймыз. Менің анам да, жеңгем де, тәтем де мұғалім. Бір жағынан ол кісілерде салауатты өмір салтын ұстанады. Есірткі атаулыға жаны қас адамдар. Біздің үйдің қай мүшесі болмасын әрдайым есірткіге қарсы екендігін айтып, тек жақсы тағамдар жеп, денсаулыққа қараудың пайдасын жеткізеді. Жалпы есірткіге әуестік бірлігі жоқ отбасында қалыптасады. Егер олар бір-біріне назар аудармай, өз жұмысымен жүрсе, өз отбасысынан таппаған жылулықты бала өзгеден іздеп, жаман жолға түсетіні айдан аңық.

Қазіргі таңда балалар ғана емес ересектерде есірткіге әуес. Ал ересек адам сондай болса, кішілерге қандай үлгі-өнеге бермек? Қарап отырсақ, есірткіні сататындарда үлкендердің өзі. Кішкентай кезде баланы дұрыс тәрбиелесе, қайдан ғана опасыз, жаман адам ер жетеді? Сол үшін бала тәрбиесіне аса зер салу қажет. Бұл болашағы жарқын ұрпақтың жақсы өмір сүруіне бастайтын жол.

Менің пайымдауымша, есірткі сөзсіз қылмысқа итермелейтін жол. Ол тіпті қаржының жетіспеушілігіне қатысты да болуы мүмкін. Ата-ана баласын қамтамасыз ете алмаса, кез келген бала өздігінше қаржы табуға кіріседі, ал бұл есірткі саудасы оларға тиімді болады. Өмірде неше түрлі адам бар, олардың барлығы бірдей жақсы болмағандықтан, баланы көзден таса қылған дұрыс деп санамаймын.

Есірткіге қарсы жол-спорт. Біз үшін спорт-денені жаттықтыру, есірткіге қарсы жол- бірге уақыт өткізу болып табылады. Ол өмірге сенімді қарауға көмектеседі.

Отан-отбасынан басталады. Отбасы-шағын отан. Біз құндылығымызды сақтап, егемен Қазақстанымыздың болашағы үшін алаңдаймыз. Біз сіздерді нашақорлық пен алкогольді сусындардан аулақ болуға шақырамыз. Әрбір отбасы одан аулақ болып, өзгелерге де соны дәріптеп, ұғындыруы қажет. Себебі әр отбасы-шағын мемлекет. Біз өз отбасымызға лайықты дәреже де өсіп келе жатырмыз. Бір-бірімізді қолдаймыз, білім іздеп, рухани байып жатырмыз.

Сіздерге де айтарым ұлтымыздың ауызбіршілігін жоғалтпайық! «Ұлкенге құрмет,кішіге ізет» дегендей, бір-бірімізбен сыйласып жүрейік. Оның бәрі есірткіден аулақ болуға әсер етеді.

Біз- берік отбасымыз, әрі есірткіден аулақпыз!

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына