Оқушыларға
Алматыдан сөйлеп тұрмыз...
Қазақ радиосына 100 жыл
«Әуе толқынында-Қазақ радиосы» осы бір сөздің елдің кешегісі мен бүгінгісін жалғап тұрғанына 100 жыл толып отыр. Ахмет Байтұрсыновтың өзі негізін қалап кеткен, «Қазақ радиосы» қазақтың үнін шартарапқа жеткізген бірегей ақпарат көзі екендігін уақыттың өзі мойындады. Ғасырлық тарихы бар қарашаңырақ, Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1921 жылдың 29 қыркүйегіндегі Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөніндегі шешімі қабылдануның нәтижесінде, сол кездегі астана- Орынбор қаласында 1921 жылдың қазан айынан бастап,бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.
Ұлттың үні мен мұңын жеткізіп, ағартушысы бола білген радио және оның тарихы туралы күні кешеге дейін дәйексіз деректер айтылып келді. Профессор, ғалым Намазалы Омаровтың зерттеу нәтижесінде,тарих қайта жанданды деуге болады. «Қазақ аймағын басқару жөніндегі Революциялық комитетінің 1-ші төрағасы С.Песковский басқарған уақытта Мәдени жұмыстар жөніндегі оның орынбасары Ахмет Байтұрсынов болды.Бұрынғы монографиялық еңбектерде қазақ жеріндегі алғашқы граммафондарды таратқан, мәдени жұмыстарды жасаған С.Песковский деп аталып келді.Шын мәнісінде, оны жүргізген Ахмет Байтұрсынов болған болатын.Осы алғашқы граммафондарды алғаш жаз-жайлауға, күз-күздеуге, қыс-қыстауға жеткізген Ахаң болатын. Бірақ «Алаш орданың» белді мүшесі болған Ахаңның игі істерін елемеуге тырысты десе де болады.Сондықтан барлық атқарылған жұмыстар С.Песковскийдің еңбегі болып қалды» -дейді Намазалы Омаров. Қазақ радиосы республикаға хабар тарата бастаған тұста эфирден- үндеу, шақырулар, мәліметтер, жаңалықтарды үзбей беріп отырады.1926 жылдың 3 қазанынан бастап, сол уақыттағы ҚазКСР-нің астанасы болған Қызылорда қаласынан радио өз хабарын беруді,одан әрі жалғастырады.1931 жылды 1 мамырында Алматы радио стансиясы ашылады.Осы уақыттан бастап қазақ радиосы қарқынды жұмыс жасауға кіріседі. «Радиожурналистика» саласы жолға қойылып , ол бұқаралық ақпарат құралының бір бөлшегі болып бекей түседі.
Әрі радиоға, әрі тыңдарманға тұтас ғұмырын арнаған тұлғалардың халықтың құлағында жатталған дауысыда жолдардан адасқан жоқ. Қадірлі тындарманның құлағына әуезді әрі таза үн қалай жетсе ,онда ол жерде қызмет еткендердің аппақ пейілімен,ақкөңілін байқамау мүмкін емес болатын.
«Бір күні Шәкен аға өзінің бір жұмыстармен сыртқа шығып кеткен уақытта . «Информбюро» хабарларын Әнуарбек Байжанбаев ағамыз оқиды. Сонда сыртта жүрген Шәкен ағамыз естіп, Әнуар ағаның хабарды төгілтіп тұрып, Левитанға ұқсап оқығанына ерекше сүйсінген әрі таңқалған. Сыртан келіп Шәкең Әнуарға енді «Информбюро» жаңалықтарын өзің оқышы деп өзі ұсынады. Осылайша ағалық ізетін білдіріпті. Құрмет қой» -дейді Аманжан Еңсебайұлы. «Қазақтың-Левитаны» атанған Әнуарбек Байжанбаевтың радиоға келуі осылай басталды. Дикторлар ғана емес, еліміздің «менмін» деген әншілерінің бәрі өнер жолындағы қызметін радио қорнынан бастады. Олардың дауысы «Алтын қорда» сақталған. Қазақ радиосының «Алтын қорында» 100 мыңнан астам жазба бар. Соның 91% -і цифрлық форматқа көшірілген.1925 жылы Париж қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде,қазақ елінің өкілі ретінде Әміре Қашаубаев өнер көрсеткені барлығына мәлім.Сол кезде еуропо жұрты қазақтың өнеріне таңқалып, керемет дауыс иесі ретінде бағалайды.Сондай-ақ сол көрмеден Әміре Қашаубаев күміс жүлдеге ие болады.Ең танымал музыка орындаушылар қатарына енді. Сол жылы фоногроф құралына Сорбона университетінің профессоры Прено мен Шрамек Әміренің орындауындағы «Балқадиша», «Смет», «Дударай», «Ағашаяқ», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Бесқарагер» әндерін жазып алады және олар қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған. Сонымен қатар қазақтың белгілі ақын-жазушыларының, профессор, ғалымдардың,өнер иелерінің дауысы жазылып сақталған.
«Әдебиеттің ішінде бәрі бар, онда кейіпкерің өзіңмен сырласады, өзіңмен мұңдасады.Онымен бірге жылай біл, онымен бірге күле біл, онымен тілдесе біл,оның ішкі ойын дөп баса біл.Бұл дикторға ең керекті қасиет»-деп ұстаздарым үйретті дейді,қазақ радиосында 50 жыл дикторлық қызмет атқарған Аманжан Еңсебайұлы. Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады.Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр.Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады.Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі.Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал. Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция.Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.
Қала мен қала арасын жалғайтын ұзақ жолда қазақ радиосының ғана үні үзілмейді.Тыңдарманымен тәуліктің 24 сағатында тілдеседі,мұңдасады,бірге ән шырқайды, хабар таратады. Радио тыңдаушыларының соңғы 5 жылдықта 12 %- ға аудиториясының жасарғанын ескерсек, Қазақ радиосының бір ғасыр өтседе тренттен түспейтін, брендке айналғанын түсінесіз .
Назира Алмасова
Әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультетінің 1- курс студенті
Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы
Жетекшісі
Әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті тарих және археология,этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры