22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Кітаптағы ашаршылықтың ащы шындығы






Залым Кеңес үкіметіндегілердің əрекетінен талай қазақ аштыққа ұрынды.Қазақ халқы балапан басымен,тұрыматай тұсымен болып бозып кетті.Сол замандарды бейнелейтін терминдер:коллектив,кулак,нəубет,Қызыл отау,ГПУ.Заман жастардікі,үкімет кедейдікі деп есі шығып,ат ойнатқандар көп болды.Тіпті,бір қаннан тараған бауырына да аяушылық танытпаған халықтың азғыруына кім себеп болды?,-деп ойға кетесің.

Байлар мен кедейлер тең болсын деп коллектив деген пəлені құрды.Байлардың конфескелеп малын алып,астыққа кеңірдектен салық салды.Бұрынғы жастар үлкенді сыйлап,құрмет көрсететін-ді.Ал сол жылдары патша тақтан кетіп,қызылдардың саясаты келіп жастарды азғырды.Аштыққа шыдамай,жеуге тамақ таппай адамдар бозып кетті.Əр жерден аштан өлген адамдардың қан сасыған денесіндегі иісі ауа арқылы ажалдың келгенін сездіретін.Сай-салада жатқан сүйектерді басқан сайын, Жер-Ананың бетін соңғы рет басқан сияқты көзіңнің алдын жасауратып əкететін.Ойлаудың өзі денеңді тітіркендіріп,тұла бойыңды шымырлатады.Зұлмат кезеңінде бір уыс бидайға зар болған адамдар қаншама.Бір уысқа бола қыздарын сатып жіберіп,бала-шағаларын тастап кететін.Əрине,аш адам не істемеді дейсіз?

Голощекиннің:Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын деген заңы қазағымды үлкен қайғы-қасіретке алып келді.Бұл жалған дүниенің бірде-бір құпиясын қалдырмай сипаттаған кітаптан түйіндегенім осындай. Ал сіз ашаршылық жайлы білесіз бе?

Тұрғанбек Бибіфатима