22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін






Есірткі- бұл адамның ағзасын ғана емес , санасында улайтын ең қауіпті нәрсе. Ол соғыс кезінде адамның күлін көкке ұшыратын бомбалардан да күшті. Оның кішкентай бір ғана граммы мына біз өмір сүріп жатқан әлемді әп - сәтте жоқ қылып жіберуі мүмкін.Есіркінің бізге ең қауіпті тұсы оның адамды өзіне тәуелді етуі. Біз кейде көп нәрселерді түсіне бермейміз , көп нәрсені ойын ретінде, қызық ретінде көріп достарымызға, араласатын ортамызға қарап менде осылар сияқты болайыншы деп еліктейтін кездерімізде болады Әсіресе мына біздің жасымызда сондай нәрселерге бейімбіз. Бәлкім осындай шақтарда ортаны, достарды дұрыс таңдай білуде біздің келешегімізге әсер ететін болар. Ең алдымен ата-ананың ақылын алып, одан кейін, достардың пікіріне қосылу дұрыс меніңше себебі біз әлі жұмыртқаны жаңа жарып шыққан балапан секілдіміз бізге бәрі жаңа , таңсық нәрсе сондай сәттерде ата-ананың ақылы мен қолдау көрсетуі бізге ауадай қажет.Қазіргі таңда адамдардың есірткіге тәуелді болып кетуі қызық қуып бір көремін болды деген сөзінде жатыр.Адамзат баласы болғасын қызықпайтын дүниеміз жоқ барлық нәрсеге қызығамыз. Бәрін ұстап көргіміз келеді.Сондай қызықтың ізінде кетіп кейде ақ ұратын кездеріміз де көп болады. Солардың ішін де ең қауіптісі де осы есірткі. Ол өзіне тәуелді етсе, бүкіл өміріңді жалмайды.

Денсаулық-зор байлық Дені саудың жаны сау деп ата бабаларымыз бекер айтпаған. Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген адамдар ішімдік,темекі,есірткі секілді заттарды пайдаланады. Осы заттардың кесірінен көп адамдар түрлі аурулармен ауырып,дүниеден өтті.Елімізде көптеген спорт шаралары ұйымдастырылып жатыр,бірақ адамдар қатыспады.Себебі жоғарыда айтылып өтілген заттарға тәуелді.Есірткі деген сөз көп адамның құлағына жағымсыз естілері сөзсіз.Адамдар бұл қаншалықты зиян зат екенің білсе де,әлі күнге дейін қояр емес.Сонымен қатар,бір өкініштісі жастармен қоса үлкен кісілердің де есірткіге тәуелді болуы.Олар келешек ұрпаққа үлгі болудың орнына,жастардың миын улап жатыр деп ойлаймын.Есірткі пайдаланған адам,ең алдымен өмірден өзін жоғалтады.Одан соң болашаққа деген сенім,өмірге деген құштарлық жоғалады.Есірткіні қайта пайдалану үшін жаман іс-әрекеттерге барады.Тіпті өмірде бірде-бір рет жасап көрмеген заттарды жасайды.Содан соң ол адамның достары да алшақтай түседі.Ал одан кейінгі өмірі барлығымызға мәлім.Осындай қадамдарға бармас үшін,ең алдымен адам өз өзіңе сенімді,берік болуы керек. Себебі оның жанындағы достары оған есірткі пайдалануға беріп,алдауы мүмкін.Екінші ретте салауатты өмір салтымен айналысу керек.Денсаулықты күте білу керек.Достарымен бірге спортпен шұғылдану керек.Ең бастысы есірткісіз уақытынды қызықты әрі көңілді өткізу қажет.Осыдан кейін ол адамның жанында көптеген сенімді адамдар пайда болып,өмірінде есірткі жойылады.Есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сенемін.

Адам баласы дүниеге бір-ақ рет келеді, сондықтанда мына бізге берілген алтыннанда қымбат өмірімізді бағалай білуіміз қажет.

Қызылорда облысы Арал ауданы
2 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
10-сынып оқушысы
Жақанова Аружан