22 Қараша, Жұма

Оқушыларға

Әлемнің ең үздік университеттерінің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті






Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның ең ірі, белді жоғарғы оқы орындарының бірі. Ол өзінің мол тарихымен, білімімен, оқытушы құрамымен, білім алушыларымен әрдайым ерекше. Оған қоса университетіміз білім саласында да, ғылыми жұмыстарда да тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны болып табылады. Өзінің тарихын алғаш 1934 жылы 15 қаңтар күні КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің және БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің шешімімен педагогикалық институт негізінде Қазақ мемлекеттік университеті ретінде бастаған ғылым ордасы, бүгінде мыңдаған студенттердің басын қосып, біліммен қаруландыруда. Бүгінде бұл жоғары оқу орнының табалдырығын аттау әрбір жас талапкердің арманы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әрбір жас ғалымға, ізденушіге кең мүмкіншіліктер жасалған. Оның үстіне университетіміздің кітапханасы кітап қорына бай және оқулықтардың элоктронды үлгісіне қол жеткізу мүмкіншілігі жасалған. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында да үнемі түрлі конференциялар ұйымдастырылып отырады. Осыған дейін Тарих, архелогия және этнология факультетінің ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – өркениеттер философы» тақырыбы аясында онлайн конференция, «Батыс Еуропа кітапханалары: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылған болатын. Бұл конференция барысында Кембридж университетінің түлегі, Абердин университетінің професессоры, PhD докторы Питер Джордж бен кездесу ұйымдастырылды.

2021 жылы 29 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл конференцияның басты мақсаты – Дина Исабайқызының отандық тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуына қосқан үлесін және қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Алдағы уақытта дәл осындай түрлі іс-шаралар отандық қана емес, шет елдік тарих ғылымдарының профессорларымен пікір алмасу, ой бөлісу түрлі мәселелерді басқа қырынан тануға, отандық тарих ғылым саласындағы түрлі мәселерді шешуде септігін тигізіп қана қоймай, студенттердің де қызығушылығын арттыратыны анық.

Университетіміздің оқытушы құрамы, түлектері, студенттері өздерінің білімге деген құштарлығын ешқашан жоғалтқан емес. Керісінше үнемі ізденіс үстінде. Жыл сайын әрбір магистрант пен докторанттар тарихымыздың әлі зерттеуді қажет ететін қаншама тақырыптарын қолға алып, зерттеп, түрлі басылымдарда, шет елдік журналдар мен сайттарда мақала жариялап ғылымға өз үлесін қосуда. Өзінің көпжылдық осындай қажырлы еңбегінің арқасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің үздік жоғары оқу орындарының арасындағы 165-орынды иеленіп отыр. Осындай сарында жұмыс атқарып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті келер жылдары бұдан да жоғары белестерді бағындыратыны анық.

Т.ғ.д., Дүниежүзі тарихы, тарихнама және

деректану кафедрасының профессоры Жаркынбаева Р.С.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және

деректану кафедрасының 1 курс магистранты Бекжанова Н.Н.