22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін






Нашақорлық - əлемдік мəселе. Есірткі - адамды санасынаң айырып,өзіне тəуелді етеді. Алғаш қолданушылар бір рет қолдансам ештене болмас деген оймен оған қалай тəуелді болып қалғанын білмей қалады. Нашақорлық -адами болмысымызды жоғалтып, ессіздікке əкеліп жатқан жаһандық дерт. Көбіне есірткі қолданушылар жасөспірімдер.Себебі, бұл жаста жасөспірімдер көргенге қызығушылық танытқыш болады. Бала тəрбиесінде 12-14 жас шамасында тəрбиеге көп көңіл бөлу қажет.Бұл жастарда жасөспірімдерде өзгеріс болып тұрады. Баланың осы кезде сақтап қалатын қасиеті оның айналасы мен алған тəрбиесіне байланысты. Шаршап жұмыстан келген ата-ана баласының түрін көруге де шамасы жетпей жатқанда серігі - ұялы телефон болары аңық. Ата-ананың немқұрайлығының кесірінен оңды-солын білмейтін бала əр нəрсені байқап көруге асығады.Осылайша өзіде қалай тəуелді болып қалғаның білмей қалады. Бір мезгіл ұялы телефонға емес баланың тəрбиесіне көңіл бөлген жөн. Балаға сіздің бір сəттік болсада көңіліңіз маңызды.Ұрысып емес өзіңізге серік қылып ашылып сөйлесіңіз.Сіздің бір сөзіңіз оның бар ойын өзгертуі мүмкін. Бала тəрбиесі ауыр нарсе , бірақ жасөспірімдердің болашағын құртып алмауы үшін барынша тырысуымыз қажет.

Есірткіге қызығып оның құрығынаң шыға алмай жатқандар қаншама. Қаншама адам өз өмірің жоғалтуда. Сол бір сəттік лəззат талай адамның өмірін қор қылуда.

«Онда, осы мəселенің шешімі қандай?», Қалай есірткіден біржола құтыламыз? - бұл қазіргі əрбір жаның көкейіндегі сұрақ. Иа,қазіргі таңда осы мəселелердің алдын алу үшін барлығы істелуде. Алайда қанша тырссақта нашақорлықтан біржола құтыла алар емеспіз . Есірткімен күресу адамзат баласының бүгінгі күнгі өзекті мəселелерінің бірі. Сол себептен есірткіден аулақ болу, салуатты өмір салтын ұстану-адамзаттың болашаққа деген ұстанымы.

Біз осы есірткінің құрығына түсіп қалмау үшін , одан аулақ болуымыз қажет. Есірткіге ешқашан тəуекелге барма. Бірер секундттық сол бір сəт сенің болашағыңды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сол себепті өзімізді есірткіден аулақ ұстап,өз болашағымызды өзіміз қорғайық. Көрінгенге көз тігіп оған құмар болмай, жақсы болашаққа ұмтылайық .Болашағымыздың жарқын болуына осы бастан жол табайық!

№13 орта мектебінің 8-сынып оқушысы
Құрманалиева Назым
#УПНДПКЗОӘ