22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...






«Денсаулық зор байлық»,– дейді дана халқымыз. Барша адамзат баласының қамшысының сабындай қысқа өмірінде өз өмірін жайқалған бақ ретінде өмір сүре білуі, үлкен бақытпен тең. Дегенмен, қазіргі таңда дүние жүзін алаңдатып отырған мәселе-есірткі, нашарқорлыққа жол беру, зиянды әдеттермен айналысу. Олардан бас тарту түсінген жанды алаңдатады.

Қазіргі 21 ғасырда өсіп келе жатқан жасөспірімдер мен жеткіншек жастар есірткіге қызығып, оның құрығына түсіп, шыға алмай жатыр. Аузын арандай ашқан аждаһардай бұл есірткі қаншама адамдардың өмірін қор қылып, өмірін бір сәтте ойран етті. Дәл осы көкейтесті мәселеден қалай арылу керек? Осы тақырыпқа сай біраз тренинг-сабақтар,іс-шара өткізіліп жатыр.Әлде бүкіл әлемнен есірткі атаулыны жою керек пе?Онда дәл осы кезде есірткі туралы өз ойымды сыр шертемін.

Барша жастар ойланып қараңызшы: Есірткі – адамды тікелей мүгедек жанға айналдарыратын улы зат, әлемі басқа ғаламшар тәрізді. Оны тұтынған адам әп-сәтте организмі тікен шанышқандай күйде өзгеріп, бір көргеннен ләззат алып, кейін ағзасы іздеумен өтеді. Әрине, оны ешкім өздігінен қолданбайды. Есірткіқұмарлық білімсіздік,қызығу,қысым,әуестік,ойын-сауық орындары тіпті болмаса достарының сәнқұмарлық әсерінен туындайды. Бұл қарап отырсаңыз нағыз надандық!

Қор болып сенің кетеді,

Есірткіні тұтынсаң.

Мақсатқа айқын жетеді,

Әдеттен зиян құтылсаң.

Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымыздың жарқын шуағы.Осы бастан білім алып, әрі қарай мемлекетіміздің азамат-азаматшасы ретінде үлес қосуға міндетті адам – ғұмырлы,мәдениетті, саналы ұрпақ керек екенін барлығымызға мәлім.Ал осыны біле тұра зиянды әдетті жүрегіміздің бөлшегі санасақ, онда келешек ұрпаққа,бауырларымызға қандай сабақ көрсеткеніміз?

Сондықтан жер бетіндегі қай халық болса да, дәл қазіргі өсіп келе жатқан жастардың болашағына байланысты зиянды әдеттердің алдын алуымыз қажет. Себебі: дені сау ұрпақтарда ғана елдің, отанның нағыз болашағы жарқын! Өткен жылдарда тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі», – деп айрықша айтты. Дәл осы жолдауын тыңдап, сараптап, тізгіннен өткізсе, ой түйері, ой салалары анық. Есірткіден бойымызды алшақтап, салауатты өмір салтын ұстанайық!

#УПНДПКЗО

Бахитжанова Аружан
10-сынып оқушысы
№69 орта мектеп