22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Проблемалық несиелерден қалай құтыламыз?!






Кредит деген - екі жақтың арасындағы қаржылай қатынас. Яғни бір жақ екінші жақтан ақша немесе тауарды заңды жолмен алып, уақытылы қайтаруға уағдаласуы. Кредиттік қарым-қатынастың түрлері көп, мысалы: коммерциялық кредит, банктық кредит, қарыз, лизинг, факторинг тағысын тағы. Несие негізінен біздің заманымызға дейін VII ғасырда пайда болған деседі. Себебі өсімқорлардың пайда болуы сол заманнан бастау алады екен.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін нарығымызда банктер пайда бола бастады, әрине мақсатын айтпаса да түсінікті.

XX ғасырдың аяқ жағына бас сұқпай-ақ, 2019 жылдың өзімен шектелсек: бөлшек саудамен өткен жылдың өзінде-ақ қазақстандықтар 5,4 трлн. теңгеге несие алған екен. Тұтынушылық қарыздар бойынша бұл сома - 3,9 трлн. теңге. Кредиттік карталар - 103 млрд. теңге, және сол жылы 98,3 мың ипотекалық келісім шарт жасалған, сомасы - 891 млрд. теңге.

Еліміздегі өзге де ақпарат көздеріне сүйнсек, былтырғы жылға қарағанда қазақстандықтардың кредитке жүгінуі биыл - 22 процентке өскен, және елімізде 7,4 млн. адам бүгінгі таңда түрлі банктерге қарыз екен.

Несие рәсімдеуде процеттік өсімге мән бермейтін еліміздің тұрғындарына үкімет тарапынан қандай көмек көрсетілуі тиіс? Әрбір қазақстандық несие алу үшін нені білуі керек? Қарыздың құрдымға түсіп кеткен қазақстандықтардың проблемасын қалай шешуге болады?Не үшін несие?

Сонымен несиені ел тұрғындары не үшін алады?
- Liter. kz сайтының статистикасына сүйенсек қазақстандықтардың 32,6 пайызы - несиені тұрмыстық жағдайын жақсылау үшін алады екен, ал, 21,6% - үйлеріне тұрмыстық техника алу үшін рәсімдейді, 18,7% - көлік алу үшін алса, 9% - той жасау үшін алады екен. (Суретте Kaspi. kz банкінің статистикасы)Бұл статистикаға әрине, емге немесе оқуын жалғастыруға, алатындардың санын қоспауға да болады, ол заңды, ал той жасау үшін немесен киім,үй заттарын алу үшін берілетін кредиттердің пайыздық көрсеткіштерін қоса алғанда 16-17 пайызды құрайды.

Әрине өнерге әркімнің-ақ бар таласы - дегендей, әркімнің жақсы өмір сүруіне таласы бар, бірақ несие алып кигенше кимеген де дұрыс па деп еріксіз ойлайсың. . .

Сонымен, ел тұрғындарының несиелік құрдымнан шыға алмай жатуы көп жағдайды өздерінің шыдамсыздығы немесе сабырсыздығы кінәлі болып жатады.

Курсив. kz сайтының мәліметіне сүйенсек 2019 жылы қазақстандықтар тұтынушылық кредит бойынша әр түрлі банктерге - 4 трлн. -ннан артық ақша қарыз екен, яғни еліміздің 27 пайыз тұрғындары қарыздық құрдымда (долговая яма), бұл қазақстандықтардың қаржылай сауатты 55 пайызынан артық тұрғыны екен. Кредиттік амнистия

24/кз телеарнасына сүйенсек, биыл елімізде уақытылы төленбеген кредиттердің саны 23 пайызға өскен, яғни 455 млрд. теңгені құраған. Осыған байланысты ма, әлде пандемия кезіндегі ел басшылығының көмегі ме, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 1 маусымнан бастап көп балалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың несиелерін кешіруді, шешуді тапсырды. Бастама құпталып, көптеген жандардың несиелері кешірілгені анық. Бірақ, 18 млн. тұрғынының 7,4 млн. -ы (нақты ақпарат емес, негізінен одан да көп екен анық) қарыздық құрдымда жүрген қазақстандықтар үшін бұл көмектің көмегі бар ма? Қарызы кешірілген жандар қайтадан несие алмайды ма деген заңды сұрақ туындайды. Әрине көмегі болды, бірақ негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жандарға ғана, себебі біз қазақ жесірін жалытпаған, жетімін бүйректен теппеген елміз. Ал, қайта кредит алады ма деген сұрақтың жауабы әу бастан қарастырылған,яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы аз отбасыларға несие бермеу жөнінде жарлық та шықты. Әрине, бұл амнистия емес, бірақ ел тұрғындарының басым бөлігіне үлкен көмек болғаны рас. Шешімі не?

Сонымен, кредит дегеннің не екенін, қашаннан бастау алғанын, қандай түрлері бар екенін білдік, ал, проблемалық несиелердің шешімі не болмақ?

Біле білсек, біздің елдегі несиенің пайыздық мөлшері көптеген елдердікінен әлдеқайда көп. Бұл банктердің бізге деген қарсылығ емес, бұл өзіміздің кінәміз. Мысалыға биылғы жылғы орташа айлық табысы қазақстанда 212 000 теңге болып мөлшерлерініпті. Бұл әрине, өтірік. 42500-теңгеге, 50 немесе 60 мың теңгеге еңбек етіп отбасына асырап жүргендер қаншама. Ал, 212 мың деген сома тек есеп беру үшін ғана жасалған, ал біздің банктер осындай есеп беру үшін жасалған өтірік сомаларға негізделіп несиенің пайыздық мөлшерін көтере береді. Біздің елде 19-23 пайызға дейін жетеді. Сол себепті, біріншіден орташа айлық табысын шынайы көрсету керек, қазақстанда бұл - 70-90 мыңның шамасында ғана. Ешқандай да 212 000 теңге емес. Екіншіден, қазақстанда Бірінші кредиттік бюро деген ашылды. Сол бюро тұтынушылардың немесе банктің потенциалды клиенттерінің айлығын, ай сайынғы төлейтін басқа банктердегі кредиттерін, кредиттік ауыртпалығын тексеріп отырады. Мәселе мынада, бір тұрғынға айына төлейтін төлемдердің бәрін қосқанда - 50-70 мыңнан аспауы керек және әр тұрғынға 3 несиеден артық берілмеуі тиіс болғанда, ел тұрғындары қаржылық құрдымнан ада болуы мүмкін ба еді?Ақпараттар интернет желісіндегі ашық таралымдағы материалдардан алынды.

Мейрам Ұлан