22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Еріктілік ерлік іс!






Желтоқсан айының жетінші жұлдызында «Жыл волонтері» Халықаралық конференциясы өтті. Онда волонтер жылының қорытындысы шығарылды. Конференция екі бөлім бойынша жүзеге асырылды.

Бірінші бөлімде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен пленарлық отырыс болды.

Екінші бөлімде:

• COVID- 19 бойынша халықаралық тәжірибе;

• Волонтерлік саласындағы IT технологиялар (сайттар, мобильді қосымшалар және т.б.);

• Волонтерлік қызмет туралы Заң және волонтерлікті қолдау стандарттары;

• Волонтерлердің мемлекеттік, қоғамдық, бизнес құрылымдарымен өзара іс- қимылы;

Тақырыптары талқыға салынып, озық тәжірибелер сөз болды. Осылайша еліміздегі түрлі волонтерлік ұйымдар өздерінің жылдық жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Айта кететіні, биылғы дүниежүзіндегі пандемия кезінде онлайн медиа- волонтерлер саны көбейді. Олар түрлі әлеуметтік желіде, сайттарда өз жұмыстарын жасады.

Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі. Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету. Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы. Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет. Ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатты сөзі осындай игі істерге үндейді.

Сондықтан, біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел, тұтас ұлт болып атсалысуымыз қажет. деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтпақшы, расыменде еріктілік еріккендік емес, ерлік іс. Ендеше сол ерлік істерді жұмыла атқарайық!

Талонова Асем Берікқызы

БҚО, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылы

Талап МБК 11 сынып оқушысы