25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

ҚазҰУ-де қашықтықтан оқыту!






Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ағымдығы жылдың 1-ші қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында «Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр», - деп көрсеткен болатын. Расында да, осы «Жаңа Жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» мақаласында көрсетілгендей бүгінгі ұрпақтық басына үлкен сынақ түсіп тұр. Бұл тарихи кезеңді бірлесіп, бір жұдырықтай өткеретін болсақ, біз жаңа кезеңге аяқ басамыз. Сол тұста білім мәселесі де қозғалған болатын. «Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде». Білім беру сапасы қай заманда болмасын өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Болашақ Қазақстанның бүгінгі іргетасын қалайтын жас буын қазіргі таңда қалай білім алып жатыр? Қашықтықтан алып жатқан білімдері оларды кәсіби маман ретінде даярлауда жеткілікті ме? Осы сұрақтар барлығымызды мазалайды. Еліміздегі басқа ЖОО қоспағанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қашықтықтан оқыту заманауи компьютерлерге және телекоммуникациялық технологияларға негізделіп, дәстүрлі және инновациялық оқу әдістерін қолдана отырып білім береді.

ҚазҰУ-де 2008 жылдан бастап оқытушылар мен студенттерге арналған «Қашықтықтан оқыту Moodle жүйесі» белсенді қолданысқа енгізілген. Бүгінгі таңда жаһандық өзгерістерге сай ҚазҰУ қашықтықтан білім беру платформаларын іске қосты. Студенттердің жан-жақты, толық білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Университеттің дамыған, заманауи ақпарттық технологиялары мен инфрақұрылымы студенттердің қашықтықтан білім алуына зор мүмкіндік бере алады. Қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Microsoft» арасында орнаған ынтымақтастықтықтың жемісті нәтижесі болып табылады. Әлемге танымал IT-компаниямен бірлескен жұмыстың арқасында студенттер мен оқытушылар білім алу үшін «Microsoft Teams» платформасын пайдалана алады. Бір сөзбен айтқанда ҚазҰУ-де озық сандық технологиялардың көмегімен толықтай қашықтықтан білім беру жүйесі іске қосылған.

Білім алушылар үшін онлайн режимде «Әл-Фараби кітапханасы» да қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда студенттер мен оқытушылар үшін кітапхана сайтында «Электронды каталог», «Толықмәтінді деректер қоры» жұмыс жасайды. Ол арқылы білім алушылар өздеріне қажет болған әдебиеттерді толық электронды форматта оқи алады. Сонымен қатар әдебиетке сұраныс, кітапқа тапсырыс жасай алады. Одан бөлек кітапхана қазіргі таңда дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9:00-18:00 аралығында барлық карантиндік сақтық шараларын, тазалық құралдарын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып қызмет көрсетуде. Кітапхананың онлайн дерекқоры арқылы студенттер оқу жоспарына сай ғылыми әдебиеттерді еркін пайдалана алады. Бұл білім алуда ең басты құрал. Сонымен қатар кітапхананың жазылымдық дерек қорлары арқылы студенттер мақалалар мен шет елдік басылымдарға қол жеткізе алады.

Кәсіби білім беру жүйесінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті жаңа, жас мамандар қалыптастыруда ҚазҰУ әрқашан бәсекеге қабілетті оқу орны болып қала бермек. Қашықтықтан оқытудағы ең басты міндет оқытудың жаңа формаларының бұрынғы дәстүрлі жүйедегідей нәтиже көрсетуі. Яғни, студенттер дәртүрлі білім беру жүйесінде университетке келіп теориялық және тәжірибелік тұрғыдан білімнін жетілдірген болса, қазіргі таңда электронды форматта сол білімнен кем болмауы тиіс. Алайда қашықтықтан оқытудың да өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қалай болғанда да, қашықтықтан білім алу Президентіміз атап көрсеткендей «Үздіксіз білім алуға» мүмкіндік береді.



Мухажанова Т. Н. Т.ғ.к.ғ., доцент

Отарбай Ш.М. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-курс магистранты