25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Заманауи білім мен ғылым ордасы






Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына кірген – Quacquarelli Symonds (QS) агенттігі жаһандық рейтингінде алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны. Бұл рейтингте посткеңестік жоғары оқу орындары ішінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тұрғаны мәлім. Орталық Азиядағы табысқа жеткен университеттің бірегейі – ҚазҰУ. Еңбекті оңтайландырудың кластерлік тәсілі кешенді құрылымдық жаңғырту жұмыстары жүргізілді көшбасшы университеттермен бірлесе отырып, қос диплом және ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды. ҚазҰУ Жаһандық хабты басқара отырып, технологиялық рухани-адамгершілік платформалар симбиозына негізделген «Университет 4.0» ЖОО моделін жүзеге асырып отыр. Бұл бастама Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде таныстырылып әлемнің жоғары оқу орындарына кеңінен таратылуға ұсынылды. QS жаһандық рейтингі – әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі.

Әлемнің халықаралық рейтингтік агенттіктері ҚазҰУ-нің көшбасшылық ұстанымдары ғылыми кеңістік қолдауына ие болуда. Сонымен қатар ҚазҰУ Еуропалық ғылыми өнеркәсіптік палатасының «АА+» жоғары бағасына ие әрі әлемдегі экологиялық жағынан - 200, технологиялық дамыған - 50 ЖОО-ның қатарына еніп отыр. Бұл табыстар түркі және ислам әлемінің үздік университеті ретінде танылуына ықпал еткені анық. ҚазҰУ он жыл көлемінде академиялық рейтинг және халықаралық обсерватория (IREG) сарапшылары мақұлдаған ұлттық рейтингте көшбасшы орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасы 2014 жылдан бастап ие болған ТМД-дағы тұңғыш жоғары оқу орны. ҚазҰУ-дың Хаб басшылығындағы қызметі БҰҰ-ның жоғары бағасын иеленді. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың «Жасыл көпір» және «G-Global» бастамаларын қолдау мақсатындағы ҚазҰУ – «RIO+20» Жаһандық саммитінде секция ашқан ТМД-дағы жалғыз жоғары оқу орны. Бұл орайда университет тұрақты даму мәселелері бойынша Азия университеттері ректорларының III форумы жұмысын ұйымдастырып, табысты өткізді.

Қазіргі кезде университетте ЮНЕСКО, халықаралық журналистика, қоғамдағы медиа кафедралары жұмыс істеп, Колумбия университетімен бірлескен «MDP Global Classroom» мамандарды даярлау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әлемге әйгілі «Times Higher Education» (THE) агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік менеджменті бар АЗИЯ жоғары оқу орындарының топ-10-на және «The Asia Award – 2020» рейтингінде «Көшбасшылық пен басқарудағы үздік команда» қатарына енді. ҚазҰУ толық қашықтан оқытуды жүзеге асыруда «Универ 2.0» және «Moodle» ақпараттық-білім беру платформаларын пайдалану қолданысқа енгізілуде. Олардың қатарында инновациялық бастама «Универ-2.0» жүйесі оқу үдерісі көрсеткіші әрі университеттің IT мамандары жүйенің әлемдегі танымал «Moodle» қашықтан оқыту жүйесін жүзеге асыруда бұл форматта оқытудың мүмкіндіктері зор. Қазіргі кезде ҚазҰУ-де әлемге танымал жоғары технологиялық корпорациялардың ғылым білім беру орталықтары жұмыс істейді. Бұл -«идеяны генерациялаудан бастап, оны коммерцияландыруға дейінгі» ғылыми-технологиялық үрдісі құрылды. Соңғы жылдары ҚазҰУ-не ғылыми жобалар көлемін 2,5 есе арттыру мүмкіндігіне ие болғаны белгілі. ҚазҰУ ғалымдары ғылыми еңбектері халықаралық басылымдарда жарық көруде.

Бүгінде озық білім ошағының инфақұрылымы 50 пайызға өсіп, бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруда және көлемі 22,5 мың шаршы метрді құрайтын 1250 орынға арналған студенттер үйі құрылысы қолға алынды. Қазақстан бойынша шетелдік студенттер ҚазҰУ-да білім алуда. Соңғы жылда оның саны 15 есеге дейін өскені байқалады. «Мен жастарға сенемін» республикалық байқауы белсенді жастар форумына айналды. Бүгінгі пандемия жағдайында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдар халықаралық ғылыми конференциясы онлайн форматта өтті. «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыратын рухани шара. Сондай-ақ, университетте 20-дан астам студенттік бизнес-инкубаторлар қызметі іске қосылып, 75 студенттік инновациялық жобалар жүзеге асырылуда асырылуда. ҚазҰУ-нің білім беру бағдарламалары және қосдипломды 70 бағдарлама бар. Озық мемлекеттер тәжірибесіне сүйеніп университет ғылымды генерациялау, өзара тәжірибе алмасу арқылы ғылымды басқарудың жаңа үлгісін іске асыруға бағытталған «Әл-Фараби» ғылыми-технологиялық алқабының негізін қалады.

Университеттің әр мүшесі ішкі-сыртқы ортаны жақсарту мақсатында «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ – Гринкампус» жобалары жқмыс істейді. Бұл жобалар әлеуметтік жағдайларды жақсартуға негізделіп отыр.Заманауи ЖОО қатарында БҰҰ-ның Жаһандық Хабы ретінде «Университет 4.0» моделін БҰҰ-ның Өркениеттер альянсымен бірге жүзеге асырып келеді. Оны іске асыруда әлемнің 12 жетекші ЖОО-да әл-Фараби орталықтары қосылды.Әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойы шаралары «Әл-Фараби» орталығының салтанатты ашылуынан басталуы зор жетістік. Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен ресми іс-шаралар ұлы ғұлама мұрасын әлемдік өркениеттің дамуындағы орнын айқындап зерттеуге септігін тигізетіні анық. Университетке ұлы ғалымның есімі берілгеніне 30 жыл болды. Жас ұрпақтың елімізге деген сүйіспеншілігін арттыру рухында тәрбиелеуде энциклопедияшы ғалымның есімі берілуінің маңызы зор. Әл-Фараби еңбектері - Батыс, Шығыс мәдениеттерін қосатын алтын көпір. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналып,

«ТОР-100» үздік ЖОО-ның жаһандық рейтингісіне енуі - оның халықаралық деңгейдегі мәртебесінің өсуі болып табылады. Соңғы жылдары университетте оқуға ынталанған жастар артып, көптеген шетел азаматтары да ниет білдіруде. ҚазҰУ бірнеше жылдан бері БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына жетекшілігі университеттің халықаралық дәрежеде танылуы деп білеміз.

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Қаиртаева А.Қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және Табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті