Оқушыларға
ҚазҰУ - жастар үшін мүмкіндіктер мекені
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – еліміздегі, тіпті әлемдік аренада Қазақстанды лайықты танытатын елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Өзінің мәртебесі мен әсем кампусы арқылы белгілі университет жыл сайын жас түлектердің альма-матері атанып, білім алушылар үшін көптеген мүмкіндіктер жасауда.
Оқу орны құрамына 16 факультет, 67 кафедра, 82 мамандық, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызметтерін қамтиды. Тарихы терең ЖОО-нында 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ, 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университет қабырғасында 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда және олардың әрқайсысы ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен орнатылған ынтымақтастық аясында мұхит пен ел асып, шет елдерге шыға алады. Бүгінде бұл көрсеткіштерді халықаралық беделді рейтинг QS World University Ranking 2020 бойынша 165 орынға жылжып, әлемнің үздік 200 ЖОО-ның қатарына кірді.
ҚазҰУ-нің басты мақсаты еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. ҚазҰУ ғылыми инфрақұрылымының негізі – Республикадағы іргелі зерттеу бағдарламалары жалпы мөлшерінің 50 пайызы жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халықаралық ғылыми орталық.
Өзінің ерекше әсем кампусында студенттерге қажетті зәулім кітапхана, студенттер мен жас ғалымдар магистранттар, докторанттар жатақханасы, Керемет Студенттерге қызмет көрсету орталығы, жеке үздік технологиядағы медицина орталығы, тіпті шаштараз бен супермаркет орын алған. Студенттер үшін халықаралық бағдарламалар, стипендиялар мен олимпиадалар университет тарапынан ұсынылып, халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік береді.
Зұлхарнайұлы Шерхан, ҚазҰУ