25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Журналистиканың даму тарихы






Журналистика - қоғамды өз танымы тұрғысында бейнелейтін тарихтың тірі суреті деп айтуға болады. Өз танымы тұрғысында деген сөз - оның өтірігіде, шыны да аралас,қоғамдық ықпалдар негізінде жұмыс істейді дегенді білдірсе керек. Бұл орайда ақпарат жалпы тарихтың ақиқатына қызмет ете алмаса да журналистиканың өз тарихына кызмет істеді. Тарихты жасауда руханияттың өзге саласына карағанда журналистиканың үлес салмағы әлдеқайда басым. Еуропадан соң Ресейдің жартысын жаулаган Напалеон Бонапарт: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт жүз газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», - дейді. Журналистика бізге Ресей империясы арқылы бұратана елдерде отарлық саясатттың ықпалын бұрынғыдан да күшейту үшін келді. Бірақ табан ақы, маңдай тер - қалта қаражатымен батыс білімін алган зиялыларымыз акпарат мәселесін де меңгеріп, өз ой-пікірлері арқылы жолын тауып, оны ұлттық мүддеге де бұра бастады. Отаршылдар қашан да өз саясатын жергілікті ұлт өкілдерінің арқасынан қаға отырып, астыртын жүргізеді. Осы орайда басты орталықтардан орысша-қазақша -Ташкентте Түркістан уалаяты мен (1870 - 1882) мен Омбыда жарық көрген Дала уалаяты (1888 - 1902) газеттері дүниеге келді. Бұл басылымдар патша саясатын жүргізе отырып, ақпараттық, жарнамалық жолдармен өзді-өзін де қаржыландырды. Ақпарат арқылы арыстарымыздың пікірі арнаға түсіп, жұрт жүрегінен жол тапты. Ақпараттық-анықтамалық қызметпен қатар баспасөздерде ел тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер де жарық көрді. Ал, бұл басылымдардан жарты ғасыр бұрын туған Шоқан Уалиханов ұлт этнографиясын Сан-Петербург ықпалымен орыс тілінде жарыққа шығарған еді.Айтпағымыз - елдің ақпаратқа икемділері Шоқан, Жәңгір хан, тіпті ғасырлар бұрын еліміз Ресей бодандығына өткенде елшілік хаттамаларын толтырып, 2-ші Екатеринаға жеткізген Көштасв, Қайдағұловтардың да дәуірінде болғандығын ескереміз. Алғашқы басылымдардың өзінде империяның әр кездегі саяси жағдайлармен байланыстыра отырып, аграрлық реформа, жер, сот, құқық, ағарту, тағы басқа көкейтесті мәселелер мүмкіндігінше ұлттық мүддеге сай котеріліп отырды. Абайдан бастап, шығармашылық өкілдерінің туындылары жарияланып, мәдениетімізге де оң әсерін тигізді Осы баспасөздер арқылы үнімізді асқақтатқан серкелерден соң Серке газеті Мыржақып Дулатовтың қолға алуымен 20-шы ғасырдың басында шықса, Е. Бұйрин «Қазақстан», А.Байтурсынов Казак газеттерін, М. Сералин «Айқап» журналын шығарып, ел ішінде ұлттық- демократиялық сананың қалыптасуына зор үлес қосты Ұлттық журналистиканың тағанын орнатып, оны қазақ қоғамның да қарымды қаруына айналдыра бастады. Мәдени, рухани құндылықтарды насихаттады. Қазақ, Айқап, Жас алаш атауларын біздің заманға лайықтап қайта жаңғыртқан басылымдар да болды. Сол сияқты кезіндегі Әдебиет майданы, Еңбекші қазақ басылымдарының орнына Жұлдыз, Қазақ әдебиеті Егеменді Қазақстан басылымдарын оқитын болдық.

Тұран университеті журналистика мамандығының 2-ші курс студенті Қадылбекова Адема