25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Тележүргізуші болғыңыз келсе...






Тележүргізуші болғыңыз келсе. Тележүргізуші-телеарнаның айнасы, көрерменнің көңілін тауып, ықыласына бөленетін жандар. Тележүргізушілер танымдық-ақпараттық бағдарламалардың тізгінін ұстайды, жеке тұлғамен сұқбат қүрып, ортасын қызыққа толықтырады және көрерменнің көңілін көтереді. Ендеше, тележүргізушіге қойылатын талаптармен таныс болыңыз:

1. Қысылмаңыз

Тележүргізуші атанғыңыз келсе, қысылып-қымтырылудың қажеті жоқ. Бұл-миллиондаған аудиториямен қарым-қатынастың қайнар көзі. Табиғаттан берілген қасиетіңізді өзгертпеңіз. Бұл тұста актерлік шеберлік курстарына жазылу мен ораторлық қасиетіңізді дамыту артықтық етпейді.

2. Көрікті болыңыз

Тележүргізушінің дене-бітімі тартымды әрі бет-бейнесі көрікті болуы керек. Телевидениеден әр түрлі аламдарды кезіктіруге болады. Алайда, сырт-келбеті тартымды тележүргізушінің қаралым көп жинайтынын ұмытпаңыз.

3. Жан-жақты әрі білікті болу-шарт

Тележүргізуші үшін тәжірибенің маңызы зор. Неғұрлым тәжірибе жинасаңыз, соғұрлым шыңдала түсесіз.

4. Даму үстінде болыңыз

Өздігімен рухани тұрғыда өсу-тележүргізушінің қабілетін безендіре түседі. Сіз көрерменді қызықтыруға тиістісіз. Дүние-танымның кеңдігі, кез-келген тақырыпта әңгіме-дүкен құру, суырыпсалмалық қасиет-нағыз тележүргізушіге тән.

5. Тікелей эфирде барлығына дайын болу

Тікелей эфир-тележүргізушіні шыңдай түсетін орын. Бұл жерде сіз кез-келген жайтқа дайын боласыз. Ең бастысы-мимикамен, дикциямен күнделікті жұмыс жасау.

6. Қолайсыз жұмыс

Тележүргізуші үнемі классикалық киім киіп, студиялық форматта жұмыс жүргізбейді. Сізге таудан секіріп немесе өзенде жүзіп те сұқбат алуға тура келеді.

7. Жағымсыз пікірлер

Белгілі тележүргізушіні бірінші күннен-ақ сынап-мінейтіндер табылады. Бірақ, осыған бола алаңдаудың қажеті шамалы. Сіздің танымалдылығыңыз бен біліктілігіңіз-карьераңыздың дамуына септігін тигізетінін біле жүріңіз.