25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Ақпараттық технология заманы






Иә, қазіргі заман, білекке сенетін емес, білімге сенетін өркениетті ел. XXI ғасыр-көшбасшылар ғасыры. Озық технологиялар, тың идеялар, техника мен жаңаша ақпараттың шарықтау кезеңі. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман,-деп М.Дулатов атамыз айтқандай, егеменді еліміздің тірегі, жарқын болашағы-білімді ұрпақ. Қашықтықтан оқытудың өз алдына ерекшеліктері орасан зор, білім беру деңгейі мен мазмұны, білім алушылардың саны мен құрамы өз алдына үлкен мәртебе. Қазіргі Дүниежүзінде алдыңғы қатарлы дамушы елдердің барлығы жоғары деңгейде, өз тәжірибелері арқылы жұмыс жасап, технологияның тиімді жақтарын алдыға тартады. Ал осы тұста соншалық сан қырлы, алпауыт нәрселерді қиынсынбай атқаратын оқытушының берер бағыт-бағдары үлкен рөл атқарары сөзсіз. Құрғақ сусыз, таса көлеңкеге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақты, тәрбиелеп, дара жол нұсқамасақ өспейді, өнбейді. Бүгінгі таңда, яғни қашықтықтан білім беру жүйесінде, ұлағатты ұстаздардың алдында тұрған, көкейкесті мәселелердің бірі-шәкірттерінің шығармашылық білім дағдысын, кеңейту, өрбіту.

Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік ой-пікірімен ұштастырған, сапалы білім мен саналы тәрбие берілу керек деп түсінемін.

Бүгінгі өркениетті заманда, кітап пен жастарға ортақ байланысы бар мәдени орта ол-кітапхана. Көне жазбалар мен сонау бағзы заманнан бері бастау алып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан кітаптар сықылды кітапхананың да, тарихы мен тағылымы сол заманның шындығын аша түскендей. Осы тұста Әбіш Кекілбаев атамыздың сөзі есіме орала түсті «Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын» деп бекер айтпаса керек. Рухани білімнің, құндылықтың, мәдениеттің ордасы-кітапхана ешқашан да мәні мен маңыздылығын жойған емес.

Кітап оқу рухани жағынан жетілуге ғана емес, шығармашылық тұрғыдан болсын және де тән саулығына да үлкен септігін тигізеді.. Кітап оқудың пайдасы-ұзақ өмір сүруге жетелейді, мидың үздіксіз бағытта жұмыс істеуін қалыптастырады

Кітапты сүйіп оқиық, білімге ұмтылайық!