Оқушыларға
ҰБТ-мен өмір шектелмейді!
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап, тыныш жатпаған істінікі.
______________________________
Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек.
Иә, Ажал деген адуынды қасқыр іспеттес. Тірі жанға ескертпесіз келіп-ақ жалмап кетеді. Қазіргі таңда, әр адамның басында, әр қилы қиындық, шешілместей көрінетін түйінді мәселелер жетерлік. Бұл заманда әлсіз болсаң, мықтылар таптап, алдыңды орап кетеді. Сұм ғаламда, айлалы тілімен, балталы қолымен, арамзадай ойымен, жүрегіңе кіріп, сеніміңнен шығып, ішіңнен тіліп кететіндер баршылық. Сіздерге айтарым, әсіресе болашаққа қадам басар, арман мен мақсатқа қол созған түлектер❗️
ҰБТ...Бұл сөзді естігенде талай келешек түлектің жүрегі дір етіп, алай-дүлей болары сөзсіз. Өзіңізге мына сұрақты қойыңызшы:Мен ҰБТ-ны кім үшін, не үшін тапсырамын? Иә, логикалық тұрғыдан, әрине, өзім үшін, басқаша қалай деуіңіз заңдылық. Бірақ, арамызда жоғары баллды жұрттың балаларынан озу үшін, ата-анасының талқыланбайтындай берілген бұйрықты, жинағысы үшін келетіндер де, жоқ емес бар. ҰБТ-ны алынбайтын қамал, өте алмайтын белес, тосқауыл сияқты көрмеңіздерші. Тікелей өзім үшін ол-мақсат, бағытыма жетелейтін, арманымның жолындағы ҚАДАМ✔️
Мен бұның бәрін жан ұшыра неге жазып отырмын❓ Өйткені, ҰБТ үшін, жүйкедегі стресс, не бір қиындықтар себебімен, қыршындай жастар бүгінде жарық дүниемен қош айтысып, өз өмірлерін өздері құртуда..
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып, шығып кететінін, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың – жеңілдікке, тіршілігің – тұрақтылыққа, болашағың – жақсылыққа ұласады. Сенде дұға бар. Сол дұға арқылы сен әлемдердің Раббысынан қажетіңді сұрап аласың! Сенде түннің үштен бір бөлігінде маңдайыңды сәждеге қоятын уақыт бар. Алланың сынағына сабыр етейік! Аман болайықшы
__________________
Сәл де болсын ой түйдіңіздер деп ойлаймын. Оқығандарыңызға мың алғыс❤️