Оқушыларға
ҚазҰУ-нің заң факультеті - заңның бастау бұлағы
Жаһандану заманында адам құқықтары мен бостандығын қорғау басты нысанаға алынған десек, оған Шерxан Мұртазаның Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты дегенін қосыңыз. Демек, адам өмірінде заңның арқалар жүгі жеңіл емес. Осы салада үздіксіз білім беріп жүрген білім ордаларының бірі де бірегейі Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті.
Факультет қабырғасы университетпен бірге 1934 жылы қаланған болатын. Сондықтан да, білімнің альмонаторы атанған заң факультетінің біздің елімізде бәсесі биік екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Оның дәлелі әрине талай белесті бағындырған, Ата Заңымыздың әр тармағы, әр бөлімін құрастыруға үлес қосқан түлектері екені мәлім. Қазақ заңының шыңырағын көтеріп, уығын тіккен жандардың қай қайсысын да өмір тариxынан ҚазҰУ-лық деген таңбаны көруге әбден болады.
Түлектерім - тірегім деген қара шаңырақтың бүгінгі шәкірт дайындау жолындағы алғы істеріне тоқтала кетейік. Құқықтану, кеден ісі мамандықтары бойынша жыл сайын бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелеп шығаруда. Сапалы білім алып шыққан студенттеріміздің жұмыс орнында да өресі биік тұратынына сенімдіміз. Факультет заман талабына сай жабдықталған еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордасы. Шәкірттер игілігіне шексіз интернет пен компьютер құрылғылары үздіксіз жұмыс жасайды. Сонымен қатар, зертxаналық сабақтарға арнайы жабдықталған криминалдық зерттеу, сот жүргізу бөлмелері мен адвокаттық зерттеу клиникасы студенттердің сапалы білім алып қана қоймай, жан-жақты болып шығуына өз септігін тигізуде.
Бізде студенттердің таңдауына қарай сабақтар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі. Әлемдік стандарттар бойынша бакалавр, магистратура, PHD докторантура санаттарында білім алып шығуға мүмкіндіктер жасалынған. Себебі бізде, Қазақстандағы ең үздік деген доценттер мен ұстаздар құрамы жұмыс жасайды. Студенттеріміз сабақ оқып қана қоймай студенттік ұйымдар мүшелері болып, түрлі үйірмелерге де қатысуына болады. Сол арқылы оқу мен қатар қоғаммен қарым-қатынас жасай білегу дағдыланады. Бүгінгі күні шәкірттеріміздің білім көрсеткішінің арқасында Қазақстанда ғана емес, университетімізде де алдыңғы қатарлы факультеттердің көш басында тұр. Оның дәлелі жыл сайынғы Топ-100 үздік студенттер тізімінің жартысына біздің шәкірттеріміз ілігеді.
Заң - үлкен шыбындар бұзып өтіп, ұсақ шыбындар шырмалатын өрмекшінің торы емес деген Бальзактың сөзін ұстанатын біздің факультет қашанда әділдікті ту еткен еліміздегі ең айтулы білім бөлімі.
Бекназарова Баян Мараталиқызы Заң ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы