26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

ҚазҰУ – мүмкіндікке толы білім ордасы






Қазақ Ұлттық университетінің негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланған. Ең алғаш 1937 жылы төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген гуманитарлық шет тілдер факультеті ашылды. Қазақ Ұлттық университеті өз имиджін білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі ретінде қалыптастырды.

Бүгінгі күні Қара шаңырағымыз 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми зерттеу орталығына айналып отыр. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді,соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы бар.

Білім ордасында студенттерге жағдай өте жоғары деңгейде жасалған. Білім алатындардың қатарына тек қазақ емес, сонымен қатар басқа ұлт өкілдерінің қыз-жігіттері де кіреді. Небір ақын-жазушылар мен данышпан ғалымдар осы ордадан түлеп ұшқан. Сондықтан мен де осы ҚазҰУ-ды таңдадым.

Мейірімге толы шаңырақ- жатақхана орындары, қазақ және әлем әдебиеттерімен толықтырылған көзтартар кітапхана, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен түрлі іс-шаралар өтетін Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар. Осылардың барлығы студенттердің жан-жақты дамуы үшін жасалған. Сондай-ақ біздің қара шаңырағымыз QS World University Rankings Results рейтингінде 207 орынды қанжығасына байлаған. Осының арқасында көптеген студенттеріміз шетелден білімін толықтырып, Қазақстандағы ең қажетті мамандар қатарына қосылуда.

Құрметті оқырман, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, өз болашағыңыздың жарқын болғанын қаласаңыз, «Қара шаңырақ» атты отбасымыздың мүшесі болуға шақырамын. Жарқын болашаққа айқын біліммен аттанайық, достар!


Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика Бизнес Жоғары Мектебінің Бизнес және технологиялар кафедрасының мұғалімі Абишева.Қ.Ж
Логистика мамандығының 2 курс студенті Аманжолұлы Әділет