Оқушыларға
ҚазҰУ – дың Студенттер сарайында Әбу Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми ашылу рәсімі болды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің 86-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.
Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.
Биылғы Әбу насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдығының атап өтілуі осы қара шаңырақта бастау алуы бекер емес.
Әбу насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдығы биыл ел аумағында кеңінен атап өтіледі. Тіпті ЮНЕСКО төңірегінде бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Ежелгі шығыс ғұламасының жазған еңбектері, ол туралы тың деректер де табылып жатыр.
Әл-Фарабидің толық аты «Әбу насыр Мухаммат бин мухаммат бин тархан бин ұзлақ әл-Фараби әт Түрки». Ғалымдардың сөзінше, есімдегі «әт Түрки» дегені оның Түркі елінен шыққанын дәлелдеп отыр. Екінші ұстаз 870-ші жылы Отырарда әскери отбасында дүниеге келген. Әбсаттар қажы Дербісәлінің сөзінше, бүікл әлем ғұламаны толық атымен атайды. Тек бір ел соңындағы «әт Түркиді» айтпайды екен. Ирандықтар оны Парсы текті дейді-мыс.
29 қаңтар 2020 жылы Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде бастау алды. Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар. Сондай-ақ, Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және тағы басқа шақырылады. Айтпақшы, Түркістан облысында арнайы арт-фестиваль ұйымдастырылып, оның аясында қолөнершілердің жәрмеңкелері, ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен мерекелік концерттер өткізілмек. ЮНЕСКО-ның атсалысуымен гуманитарлық білім саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспары тағы бар. Жалпы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы Президент бекіткен арнайы Қаулыға сәйкес ресми бүгін бастады. Жоспарға сәйкес бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «әл-Фараби» атындағы халықаралық орталық ашлды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих, археология және этнология факультеті
2 курс магистранты Әбдіхан Лаура
PhD, аға оқытушы Мухажанова Т.Н.